Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 167 "Әйтеке би ауданында 2009-2012 жылдарға әлеуметтік жұмыс орындарын ашу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімиятының 2010 жылғы 16 шілдедегі № 145 қаулысы. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 тамызда № 3-2-98 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 125 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 2012.06.06 № 125 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына37 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 579,  18-1 бабтарына сәйкес халықты жұмыспен қамтылуына жәрдем беру жөніндегі шараларын кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің «Әйтеке би ауданында 2009-2012 жылдарға әлеуметтік жұмыс орындарын ашу туралы» 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 167 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-78 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 14 мамыр айында аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің № 22-23 (1534) санында жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      қаулының 3 тармағындағы «Әлеуметтік жұмыс орындарында Жол картасы аясында төлем көлемі – 30000 теңге болып белгіленсін, соның ішінде 20000 теңге қаржы бюджеттен» деген сөздер «Жұмыс берушілермен келісім-шартқа отыру кезінде жол картасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбекақысының көлемі олардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес белгіленсін. Жол картасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбекақысы шығындарын жұмыс берушілерге 20000 теңгеден аспайтын мөлшерде жергілікті бюджеттен ішінара өтеу жүргізілсін» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Рахметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан Әкімі:                    Е.Есенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады