Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімиятының 2011.01.11 № 5 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің «Әйтеке би ауданының 2010 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2010 жылғы 8 маусымдағы № 117 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-95 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 8 шілдесінде аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) қаулының мәтінінде «Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ-нің бастығы И.Тұрғанбаевтың орнына Д. Танкиев болып ауыстырылсын;
2) осы қаулымен қосымшаға сәйкес бекітілген «Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамына» өзгертулер енгізілсін, ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы И. Тұрғанбаевтың орнына Д. Танкиев болып ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Рахметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е.Есенбаев.