2010 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ретінде көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 ақпандағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Алға аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 16 наурызда № 3-3-103 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2010.12.23 № 4 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23-қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18-ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары ретінде жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға алты жүз отыз еселік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 маусымдағы № 2 «2009 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ретінде көтерме жәрдемақы беру туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-85 болып тіркелген, аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің 2009 жылғы 21 шілдедегі № 31 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихат                           Аудандық Мәслихат
      сессиясының төрайымы:                           хатшысы:

      Л. Грачева                                   А. Кайрушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады