Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 ақпандағы № 3 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23-қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18-ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт маман-дарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шарасы ретінде жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде көтерме жәрдемақы берілсін.
2. Осы шешім аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат
сессиясының төрағасы: хатшысы:
Б. Есембаев А. Кайрушев