Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтін бойынша «село» деген сөзі тиісінше «ауыл» деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 25.12.2014 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармақшасына және 16 бабына сәйкес ауыл халқының пікірін ескере отырып Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.
Ауыл орталығындағы жаңадан басталып салынып жатырған жаңа үйлер құрылысының көшелеріне төмендегідей жаңа атаулар берілсін:
«Жаңа құрылыс-1», «Жаңа құрылыс-2»,
«Жаңа құрылыс-3», «Жаңа құрылыс-4»,
«Жаңа құрылыс-5», «Оңтүстік-1»,
«Бірлік-1»,«Бірлік-2» «Бірлік-3»,
«Теміржол-1», «Теміржол-2», «Теміржол-3»,
«Переезд-1», «Переезд-2», «Переезд-3»,«Переезд тұйығы».
2.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарауылкелді ауылдық округі әкімі: |
Азанқұл М.А. |