Ауданға жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2010 жылғы 17 ақпандағы № 123 шешімі. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 18 наурызда № 3-5-114 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 шілдедегі № 180 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2011.07.27 № 180 Шешімімен
       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабының 3-тармағына және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Ауданға жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - алты жүз отыз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит беру ұсынылсын.
       2. «Ауданға жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2009 жылы көтерме жәрдемақы үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы» Ырғыз аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 шілдедегі № 92 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-103 болып тіркелген 2009 жылғы 18 тамызда № 34 (7446) «Ырғыз газетінде» жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
       3. Осы шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың               Аудандық мәслихаттың
        сессия төрағасы:                      хатшысы:

          Қ.Бөлекбай                        М.Өтемұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады