Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2012.11.15 № 182 Хаты.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 66 "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға жетпiс еселік айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшiн – бір мың бес жүз еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк несие түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
2. "Ауданға жұмыс істеу үшін және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ұсыну туралы" Ырғыз аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 17 ақпандағы № 123 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-114 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 сәуірде "Ырғыз" № 18-19 газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы: | хатшысы: |
Қ.Кенжебаев | М.Өтемұратов |