Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2011.07.22 № 5 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» № 74 Заңының 17, 18, 44-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңның 33, 37-баптары негізінде ШЕШЕМІН:
1. 2011 жылдың 18 қаңтары мен 31 наурыз аралығында Ырғыз аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелу жасы 17-ге толатын 1994 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, тұрақты немесе уақытша Ырғыз ауданының аумағында тұратын ересек жастағы азаматтарға тіркеу жүргізілсін.
2. Барлық селолық округтер әкімдеріне, мекеме басшылары мен мектеп директорларына аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне шақырылғандарды дер кезінде хабардар ету, олардың қажетті іс-құжаттарымен келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
3. «Ырғыз аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Ж.Сүлейменов):
Неғұрлым даярлығы жоғары, іс-тәжірибесі бар маман дәрігерлер бөлу, дәрігерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, тіркеу уақытында анықталған науқасы бар жастарға дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаға жатқызып емдеу, оған бақылау шараларын алу, жүргізілген жұмыстардың барысы жайлы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлама жасап тұру ұсынылсын.
4. Барлық селолық округ әкімдеріне аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылған азаматтарды шақырылған күні арнайы жабдықталған, жылы көлікпен жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылсын.
5. Аудандық қаржы бөлімі (Ә.Аяпберген):
азаматтарды кезекті тіркеу жөніндегі іс-шараларды уақытында қаржыландырсын.
6. Шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі жұмыстарға тартылған барлық қызметкерлердің осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, атқаратын қызметі және жалақысы сақталсын.
7. Ырғыз аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (М.Ыбраев): осы шешімнің орындалуы жайлы 2011 жылдың 5 сәуіріне аудан әкіміне хабарлама беру ұсынылсын.
8. Шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Шахинге және қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы М.Ыбраевқа жүктелсін.
Аудан әкімі М.ДУАНБЕКОВ
Жобаны ұсынған:
Ырғыз аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлімнің
бастығы М.ЫБРАЕВ