Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 169 "2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 14 қазандағы № 333 қаулы. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 8 қарашада № 3-6-109 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 90 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2011.03.30 № 90 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 169 «2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-104 тіркелген, аудандық «Қарғалы» газетінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 41 (4545) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1 қосымшадағы аудандық шақыру комиссиясы құрамынан комиссия төрағасы Құмаров Ардақ Мақсоткерйұлы шығарылсын;
      аудандық шақыру комиссиясы құрамына қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының уақытша міндетін атқарушы Шайжанов Данияр Жайлибайұлы комиссия төрағасы болып кіргізілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Д.Тынымгереевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Сагиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады