Бадамша ауылының Степная көшесін Талжібек Имашева атындағы көшесі деп қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 мамырда № 3-6-102 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округінің әкімінің 15.06.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл халқының пікірін ескере отырып, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округі әкімінің 26.12.2018 № 174 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Бадамша ауылының Степная көшесі Талжібек Имашева атындағы көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бадамша ауылдық округі әкімінің орынбасары Н.Ғ.Ағытаеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бадамша ауылдық округінің әкімі Ж.Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады