Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына 2010 жылға көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2010 жылғы 19 ақпандағы N 136 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 наурызда N 3-7-86 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 шілдедегі № 212 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2011.07.27 № 212 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқа ру туралы" N 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" N 66 Заңының 7 бабы 3 тармағына, 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері және ережесін бекіту туралы" N 183 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕІШМ ЕТЕДІ:
      1. Қобда ауданының ауылдық елді мекендерінде орналасқан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мемлекеттік кәсіпорындарына немесе мемлекеттік мекемелеріне жұмыс істеуге келген, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына жетпіс еселік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит - алты жүз отыз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың, нормативтік құқық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 15 шілдеде N 3-7-72 болып енгізілген 2009 жылғы 16 маусымдағы аудандық газетінде "Қобда" N 29 жарияланған Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 маусымдағы N 96 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Қобда ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күннің ағымында қолданысқа енгізіледі.

       Аудандық мәслихат            Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы               хатшысы

       Д.Жиенбекова                    І.Қобланов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады