Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 шілдедегі № 212 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 16 тамызда № 3-7-122 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 мамырдағы № 5-05/46 хаты.

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2012.05.10 № 5-05/46 Хаты.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" № 66 Заңының 7 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері және ережесін бекіту туралы" № 183 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит беруі көрсетілсін.

      2. Қобда аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 19 ақпандағы "Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына 2010 жылға көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы" № 136 (нормативтік- құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-86 санымен тіркелген, 2010 жылғы 26 наурызда "Қобда" газетінің № 12 жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат

Аудандық мәслихаттың

сессиясының төрағасы

хатшысы

Д. ЖИЕНБЕКОВА

Л.ИСМАҒАМБЕТОВА


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады