Қобда ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 5 наурыздағы № 58 қаулысы. Ақтөбе облысы Қобда ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 наурызда № 3-7-90 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 198 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 08.06.2016 № 198 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13, 14 тармақшаларына және 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджеттік қаражатына қарай, Қобда ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары бойынша жұмыста шектеу қойылатын тұлғалар;
      2) 50 жастан асқан әйелдер;
      3) 55 жастан асқан ерлер;
      4) 25 жасқа дейінгі жастар;
      5) ұзақ уақыт бойы жұмыс жасамаған тұлғалар (бір жылдан астам);
      6) жанұясында бір де бір адам жұмыс жасамайтын тұлғалар;
      7) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Елеусіноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Аудан әкімі
Л. Исмағамбетова

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады