Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2011.01.17 № 29 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4 тармақшасын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Қоса берілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынып отырған шаруа қожалықтары тізімге сәйкес бекітілсін /қосымша/.
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі /Г.А.Алматбаева/:
қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу үшін жұмыс берушімен шарт жасасып, жартылай шығыстарын бюджет есебінен әр жұмысшыға айына 20,0 /жиырма мың/ теңгеден артық емес сомада төленсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.Г.Цыбаға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Әмірғалиев
Мәртөк ауданы әкімдігінің
15 наурыз 2010 жылғы
№ 92 қаулысына қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынып отырған жұмыс
берушілердің тізімі, жұмыс орындарының саны
№ |
Жұмыс берушілердің атауы |
Жұмыс |
1 |
«Дина» шаруашылық қожалығы |
10 |
2 |
«Рубин - 5» шаруашылық қожалығы |
10 |
3 |
«Бекболат» шаруашылық қожалығы |
2 |
4 |
«Жездібай» шаруашылық қожалығы |
7 |
5 |
«Сәби» шаруашылық қожалығы |
2 |
Барлығы |
31 |