Мәртөк ауданының елді мекендеріндегі үй жануарларын ұстау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 168 шешімі. Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 18 мамырда № 3-8-113 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012 жылғы 9 тамыздағы № 34 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012.08.09 № 34 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасыныдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 67 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Мәртөк ауданының елді мекендеріндегі үй жануарларын ұстау Қағидасы бекітілсін /қосымшаға сәйкес/.
      2. Аудандық мәслихаттың «Мәртөк ауданының елді мекендеріндегі үй жануарларын ұстау Қағидасын бекіту туралы» 2006 жылғы 27 желтоқсанындағы № 232 шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-31, 2007 жылғы 14 ақпандағы «Мәртөк тынысы» № 7 газетінде жарияланған; аудандық мәслихаттың шешімімен 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 43 «Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 27 желтоқсандағы «Мәртөк ауданының елді мекендеріндегі үй жануарларын ұстау Қағидасын бекіту туралы» № 232 шешіміне толықтырулар енгізу туралы», Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-54, 2008 жылғы 7 мамырдағы «Мәртөк тынысы» № 20 газетінде жарияланған, енгізілген толықтыруларды ескеріп) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қағиданы жүзеге асыру мақсатында селолық округтердің әкімдері тиісті шараларды жүзеге асырсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                 Аудандық мәслихат
    сессиясының төрағасы                     хатшысы

        М.Ермұқанов                        А.Смағұлов

2010 жылғы 23 сәуірдегі № 168
аудандық мәслихаттың шешімімен
бекітілген

Мәртөк ауданының елді мекендерінде үй жануарларын ұстау
ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар ауданының елді мекендеріндегі барлық үй жануарларының иелеріне, соның ішінде ұйымдар мен кәсіпорындарға меншік түріне және мемлекеттік бағынуына қарамастан таратылады.
      2. Үй жануарларын ұстау шарты:
      1) селолық округте тіркеу жыл сайын қайта тіркеумен, малдәрігерлік саласындағы заңнамалықты сақтау, жануарлардың иелері вакцинация жүргізуді қамтамасыз ету, диагностикалық зерттеуді және ауылшаруашылық жануарларын 3-5 айлық жасынан бастап сәйкестендіруді ұйымдастыру. Жаңадан сатып алынған жануарлар осы жұмыстарды жүргізетін тендерді жеңіп алған ұйымда тіркелу қажет және селолық округте 2 аптаның ішінде тіркелу куәлігін алуы керек;
      2) санитарлық-гигиеналық, малдәрігерлік-санитарлық қағидаларды мен қалыптарды сақтау;
      3) малдәрігерлік куәлігі мен төлқұжатты болмаса жануарлар асыл тұқымды байқауына және көрмеге қатысуға жіберілмейді;
      4) жануарларды аудан аумағында және одан тыс жерлерге сатуға және шығаруға селолық округтің белгіленген үлгідегі анықтамасы және малдәрігерлік жолдама құжаты болған жағдайда ғана рұқсат етіледі;
      5) аудан аумағында орналасқан су қоймалары мен өзендердің белгіленген орындарда жануарларды суға түсіруге рұқсат етілмейді;
      6) жануарлардың аса қауіпті аурулармен ауырған жағдайда, жануарларды малдәрігерлік инспекторлар тексергенге дейін оқшаулайды да әрі қарай белгіленген тәртіппен малдәрігерлік-санитарлық шаралар жүргізіледі.

2. Жануарлар иелеріне ұсынымдар

      1) биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстау, жануарға мейірімді қарау, оларды қараусыз қалдырмау, ауырған жағдайда уақытында малдәрігерлік көмекке жүгіну;
      2) олардың тұратын және серуендейтін жерлерін тиісті санитарлық жағдайда ұстау;
      3) Қазақстан Республикасының ауылшаруашы Министрлігінің аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік малдәрігерлік инспекторларының талабы бойынша жануарларды диагностикалық зерттеуге және алдын-ала малдәрігерлік өндеуді дер кезінде жеткізу;
      4) адамдардың және жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдау;
      5) жануардың жоғалуы, өлімі немесе сатып алынғаны жөнінде аудандық аумақтық инспекциясының малдәрігерлік инспекторларына хабарлау;
      6) жануарлар адамды немесе жануарды тістеген жағдайында иелері тез арада бұл жөнінде жақын орналасқан дәрігерлік мекемеге хабарлап, ал жануарды аудандық аумақтық инспекциясына қарауға және карантин салуға жеткізу керек;
      7) мемлекеттік малдәрігерлік инспекторымен алдын ала келісіп,  өлімтікті шығару және жою үшін иттер мен мысықтарды ату және жинау тобына селолық округіне хабарласуы қажет;
      8) өлімтіктерді шығарып тастауға немесе жерге көмуге ұсынылмайды.

3. Иттер мен мысықтарды ұстау

      4. Рұқсат етіледі:
      1) мекемелерде, кәсіпорындарда және ұйымдарда, азық-түлік сатылмайтын дүкендерде иттпен жүргенде қысқа шылбырмен және тұмсықшасымен жүру;
      2) иттер мен мысықтарды  барлық көлік түрлерімен жолаушылардың мазасын алмаған жағдайда және жануардың малдәрігерлік куәлігі болғанда алып жүру.
      5. Ұсынылмайды:
      1) иттерді малдәрігерлік куәлігі бар болса да серуендетуге және қоғамдық жерлерде, көліктерде жетексіз, тұмсықшасыз көріну, сондай-ақ мас адамдарға және 14 жасқа дейінгі балаларға жалпы пайданылатын орындарда жануарларды ұстауға;
      2) иттерді және мысықтарды тері және етке пайдалану мақсатында өсіруге.
      6. Дүкендер, емхана, дәріхана, тұрмыстық қызмет көрсету және басқа да мекемелер жанында байлаулы иттер мен мысықтардан басқа қоғамдық жерлерде иесіз бос жүрген иттер мен мысықтар қараусыз болып есептеледі және олар арнайы қызмет орындарымен ауланады.

4. Араларды, құстарды, ауылшаруашылық ұй жануарларын ұстау

      7. Санитарлық аймақта ауылшаруашылық жануарларды, құстарды, арларды ұстауға, шығарып жаюға, тасымалдауға ұсынылмайды. Санитарлық аймақ аудан әкімдіктің қаулысымен белгіленеді.
      1) ауылшаруашылық үй жануарлары, құстар және аралар арнайы жабдықталған жабық бөлмелерде, тұрғын үйлерден, мектеп аумақтарынан, емдеу және балалар мекемелерінен, саябақтардан, стадиондардан, көпшілік демалыс орындарынан, арнайы жасалған су қоймаларынан және өзен жағаларынан арақашықтықта нормативтерге сәйкес ұсталуы қажет;
      2) бір қатарды үйлерде, онда бірнеше жанұя тұрған жағдайда, ауылшаруашылық жануарларды, құстарды және араларды араларды осы үйде тұратын жанұялардың келісімдерімен, белгіленген малдәрігерлік-санитарлық ережелердің сақталуы жағдайында рұқсат етіледі;
      3) экзотикалық жануарларды ұстау тек қана ауданның малдәрігерлік қызметінің рұқсатымен болады;
      4) мал қораларын ай сайын әкпен ақтап және апта сайын залалсыздандырып тұру қажет. Қиларды, қоқыстарды, жем-шөп қалдықтарын уақытында, арнайы бөлінген жерлерге шығару керек.
      Үй жануарларын және құстарды ұстайтын жерлерді аптасына кемінде бір рет инфекцидтық препараттармен тазалау;
      5) жабайы мен үй жануарларын мектепке дейінгі мекемелерде және мектептерде, оқушылар Үйлерінде тек қана Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрлігінің аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік малдәрігерлік инспекторларының рұқсатымен ғана ұстауға болады;
      6) Қазақстан Республикасының малдәрігерлік заңнамаларын сақтай отырып жануарларды барлық көлік түрімен әкелуге және тасымалдауға рұқсат етіледі.
      7). Аудандағы елді мекендерінде ауылшаруашылық жануарлар мен құстарды жаюға тыйым салынады. Ауылшаруашылық жануарлар жаюға мезгілде арнайы бөліп берілген жайылымдарда бақтырылсын.

5. Қорытынды ережелер

      8. Осы Қағиданы бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 30.01.2001 ж. Кодексінің 310 бабына сәйкес жауапты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады