2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына және Құмсай ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып Құмжарған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Құмжарған ауылдық округі Құмсай ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Құмсай ауылының көшесіне "Еңбекші" атауы берілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Құмжарған ауылдық округі әкімі К.Шолтаева