Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігіңің 10.01.2019 № 6 қаулысымен және Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 10.01.2019 № 284 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қандыағаш қаласындағы Карагандинская көшесі Нұрқожа Орынбасаров көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар ауданының әкімі |
С.Шаңғұтов |
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы |
А.Беркімбаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С.Салықбаев |