Мұғалжар ауданының әкімдігінің кейбір бірлескен қаулыларына және мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігіңің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6 қаулысы және Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 284 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 17 қаңтарда № 3-9-239 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 31 баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26, 50 баптарына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қосымшаға сәйкес Мұғалжар ауданы әкімдігінің кейбір бірлескен қаулыларына және мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Мұғалжар ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданының әкімі Е. Данағұлов
      Мұғалжар аудандық мәслихатының сессиясының төрағасы Қ. Төкешев
      Мұғалжар аудандық мәслихаттың хатшысы Р. Мусенова

  2019 жылғы "10" қаңтардағы
  № 6/284 әкімдіктің бірлескен қаулысына
  және мәслихаттың шешіміне
  қосымша

Мұғалжар ауданы әкімдігінің кейбір бірлескен қаулыларына және мәслихаттың шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің және мәслихатының 2010 жылғы 16 шілдедегі № 353/194 мемлекеттік тілдегі "Қандыағаш қаласындағы Карагандинкая көшесін Нұрқожа Орынбасаров көшесі деп қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-130 тіркелген, 2010 жылғы 11 тамызда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) бірлескен қаулысында және шешімінде:

      кіріспе бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Мұғалжар ауданы әкімдігінің және мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 605/217 "Қандыағаш қаласында Спортивная көшесін Омаш Өмірбаев көшесі, Парковая көшесін Көбеген Ахметұлы Ахметов көшесі деп қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-133 тіркелген, 2011 жылғы 24 қаңтарда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) бірлескен қаулысында және шешімінде:

      кіріспе бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      3. Мұғалжар ауданы әкімдігінің және мәслихатының 2016 жылғы 3 қазандағы № 359/47 "Мұғалжар ауданының Қандыағаш және Жем қалаларының көшелерін қайта атау туралы" бірлескен қаулысында және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5112 тіркелген, 2016 жылғы 2 қарашада аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған):

      кіріспедегі "тармағына" деген сөзі "тармақшасына" деген сөзімен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады