Шұбарши кенттік округінің "Мұрат" шаруа қожалығында ірі қара мал басы арасынан құтыру ауруы шығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 08 ақпандағы N 15 қаулысы. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 04 наурызда N 3-10-125 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 08 сәуірдегі N 58 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2010.04.08 N 58 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік малдәрігер инспекторының ұсынуы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шұбарши кенттік округінің «Мұрат» шаруа қожалығында ірі қара малдарының арасында құтыру ауруының тіркелуіне байланысты шектеу қойылсын.

      2. Темір аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік малдәрігер инспекторына (С.Құлмұханов, келісім бойынша):
      1) құтыру ауруына қарсы егу жұмыстарын ұйымдастырылсын;
      2) ауру ошағындағы барлық мал басының қозғалысы, көлемді мал азығының тасымалдануы тоқтатылсын.

      3. Ауру ошағы деп танылған мал иелерінің қора жайына зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, залалсыздандыру өткелдері (дезбарьер) жасалсын.

      4. Малдары құтыру аруына шалдыққан мал иелерінің жанұясына толық санитарлық, гигиеналық талаптар ескертіліп, жеке бас тазалығы қамтамасыз етілсін.

      5. Аудандық ішкі істер бөліміне (А.Даулетов, келісім бойынша) шектеу қойылған елді мекенге малдәрігерлік құжатсыз мал басының кіріп шығу қозғалысына бақылау жасалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғалиевке жүктелсін.

      7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы рет ресми жарияланған күнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                              Б.Қаниев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады