Ескерту. Күші жойылды - Темір ауданы әкімдігінің 2011.10.01 № 219 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік малдәрігер инспекторының ұсынуы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шұбарши кенттік округінің «Задепо» құрамдас бөлігінің ірі қара малдарының арасында сарып ауруының тіркелуіне байланысты шектеу қойылсын.
2. «Темір аудандық ветеринария бөлімі» ММ (А.Абилов):
1) сарып ауруына қарсы сауықтыру шаралары ұйымдастырылсын;
2) ауру ошағындағы барлық мал басының қозғалысы, көлемді мал азығының тасымалдануы тоқтатылсын, тек оларды етке союға жіберілген жағдайдан басқа.
3. Ауру ошағы деп танылған мал иелерінің қора жайына зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, залалсыздандыру өткелдері (дезбарьер) жасалсын.
4. Малдары сарып аруына шалдыққан мал иелерінің жанұясына толық санитарлық, гигиеналық талаптар, ескертілсін.
5. Тұрғындар арасында жануарлардың жұқпалы арулары туралы ағарту жұмыстары жүргізілсін.
6. «Темір аудандық ішкі істер бөлімі» ММ (А.Даулетов, келісім бойынша) шектеу қойылған елді мекенде малдәрігерлік құжатсыз мал басының кіріп шығу қозғалысына бақылау жасалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғалиевке жүктелсін.
8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Қаниев