Темір ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 16 қаулысына "2010 жылға аудан бойынша халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 85 қаулысы. Ақтөбе облысының Темір ауданы Әділет басқармасында 2010 жылдың 3 маусымдағы № 3-10-131 тіркелді. Күші жойылды - Темір ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Темір ауданы әкімдігінің 2011.01.10 № 5 Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2010 жылға аудан бойынша халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Темір ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 16 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-120 болып тіркелген; 2010 жылғы 5 наурыздағы «Темір» газетінің № 11 жарияланған») мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) мынадай мазмұндағы 1-2 тармағымен толықтырылсын:
      «1-2.Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылсын»;
      2) мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 тармақтарымен толықтырылсын:
      «2-1. Әлеуметтік жұмыс орынын құру «Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен шарт негзінде жұмыс берушілермен жүзеге асырылады.
      2-2. Республикалық бюджет қаражаты есебінен бір қатысушыға – 20 000 теңге орташа айлық аударымдар мөлшері бекітілсін, жұмыс берушінің елу пайыздық салымын ескере отырып, қатысушының орташа жалақысы айына 40 000 теңгені құрайды.»
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қалауовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б.Қаниев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады