2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 95 қаулысы. Ақтөбе облысының Темір ауданы Әділет басқармасында 2010 жылдың 3 шілдеде № 3-10-132 тіркелді. Күші жойылды - Темір ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Темір ауданы әкімдігінің 2011.01.10 № 5 Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабының 3 тармағына, 20 бабының 1 тармағына, 44 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы негізінде, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурызындағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар және шақырылудан кейінге қалу құқығынан айырылған ересек жастағы азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
      3. Қала, кент, селолық округтерінің әкімдері шақыруды тиісті деңгейде ұйымдастырып, шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз етсін, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды ұйымшылдықпен аттандыру үшін қажетті шаралары алынсын.
      4. «Темір ауданы қорғаныс істері бөлімі» ММ (С.Қосмамбетов, келісім бойынша) жергілікті округ әкімдерімен бірлесіп шақыруды ұйымдастыру, шақыру комиссиясының жұмыс жасауын қамтамасыз ету, азаматтарды әскери қызметке ұйымшылдықпен жөнелту жөнінде шаралар алынсын.
      5. Әскери мәселелері туралы жылына бір рет аудан әкімдігінде қарауға ұсыныс берілсін.
      6. «Темір аудандық орталық аурухана» МКҚК (Е.Балбосынов, келісім бойынша):
      1) азаматтарға медициналық куәландыру жүргізу үшін неғұрлым дайындығы мол дәрігер-мамандар мен орта буынды медициналық қызметшілердің қажетті санын бөлу;
      2) шақыру жұмысы басталған мерзімге дейін емделуге мұқтаж шақырушылардың сауықтандырылуын аяқтау және сол мерзімге аудандық қорғаныс істері бөліміне қосымша парақтармен жеке карталарын және психоневрологиялық, туберкулезге қарсы диспансерлікке есепте тұрған, сондай-ақ жұқпалы ауруларды, трахомалық ауруларды, ішкі органдардың, сүйектердің, бұлшық еттердің, буындардың созылмалы ауруы бар шақырушылардың денсаулығын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік зерттеу, диспансерлік бақылау мәліметтерін тапсыру;
      3) әскерге шақыру қостарын қажетті құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық мүліктерімен қамтамасыз ету;
      4) әскерге шақыру жүргізу кезеңінде стационарлық емдеу орындарындағы шақыру жасындағы барлық азаматтар туралы «Темір ауданы қорғаныс істері бөлімі» ММ хабарлау тапсырылсын.
      7. «Темір аудандық ішкі істер бөлімі» ММ (А.Даулетов, келісім бойынша) шақыру учаскесінің жұмыс істеу кезеңіне қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлерін бөлу, әскери қызметке шақырылудан жалтарушы тұлғаларды жеткізу бойынша шаралар алу ұсынылсын.
      8. «Темір аудандық қаржы бөлімі» ММ (М.Ниязмбетов) мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу, азаматтарды мерзімді әскери қызметке аттандыру және азаматтарды медициналық куәландыру шараларын орындау үшін аудандық бюджет есебінен қаржы бөлсін.
      9. «Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Н.Өтепов) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қағаздарын тарату үшін ақылы қоғамдық жұмысшылар бөлсін.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырылсын.
      11. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланнан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі
      міндетін атқарушы                         Н.Қалауов

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 2 маусымдағы
№ 95 қаулысына
1-қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізіледі - Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 2010.11.17 № 238 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі) Қаулысымен.

Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

      Сәрсенбаев               - аудандық қорғаныс істері бөлімінің
      Нұрболат Үтеуұлы           бастығы комиссия төрағасы
                                 (келісім бойынша)

      Қалауов                  - аудан әкімінің орынбасары, комиссия
      Нұржауған Серікұлы         төрағасының орынбасары

      Сатаева                  - аудандық орталық аурухананың
      Мақпал Амитқызы            дәрігері, дәрігерлік комиссия
                                 төрағасы (келісім бойынша)

      Қуанов                   - аудандық ішкі істер бөлімінің
      Еркін Төреханұлы           бастығының орынбасары
                                 (келісім бойынша)

      Кушбаева                 - комиссия хатшысы
      Гүлнар Ізғалиқызы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады