1994 жылы туған азаматтарды "Ақтөбе облысы Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 10 қаңтарда № 3-10-140 тіркелді. Қолдану мерзімі өтуіне байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімі аппаратының жетекшісінің 2012 жылғы 2 наурыздағы № 04-2/354 хаты

      Ескерту. Қолдану мерзімі өтуіне байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімі аппаратының жетекшісінің 2012.03.02 № 04-2/354 Хаты.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағағының 13 тармақшасына, 37 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. «Ақтөбе облысы Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) күшімен 2011 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурыз айларының аралығында 1994 жылы туылған азаматтарды «Ақтөбе облысы Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жүргізілсін.
      Шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
      2. Қала, кент, селолық округтерінің әкімдері, мекеме басшылары «Ақтөбе облысы Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кезекті тіркеуден өтетін азаматтарды ұйымшылдықпен келуіне және осы мақсаттар үшін қажетті көлік бөлуге, құжаттар дайындауға шаралар алынсын.
      3. «Темір аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігеріне (Е.Балбосынов, келісім бойынша):
      1) шақыру учаскесін қажетті дәрігер-мамандармен, орта медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету;
      2) барлық сауықтыруды қажет ететін жастарды емдеу мекемесіне бекіту;
      3) дәрігерлік комиссияны құрал-жабдықтармен, заттармен, санитарлық-шаруашылық бұйымдармен қамтамасыз ету;
      4) кезекті тіркеу кезінде жетіспейтін дәрігер-мамандарға облыстық денсаулық сақтау мекемесіне сұраныс жіберу тапсырылсын.
      4. «Темір ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А.Даулетов, келісім бойынша) шақыру және жастарды кезекті тіркеу кезеңіне жиналу пункттерінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлерін бөлу, тіркеуден жалтарушы тұлғаларды жеткізу бойынша шаралар алу ұсынылсын.
      5. «Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қ. Бакиев) 1994 жылы туған жасөспірімдерді шақыру учаскесіне кезекті тіркеу кезінде құжаттарды толтыру үшін техникалық қызметкерлер бөлінсін.
      6. «Ақтөбе облысы Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Н.Сарсенбаев, келісім бойынша) «Темір аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемекеттік мекемесімен (Ж.Қалмағанбетов) бірлесіп:
      1) тіркеуді жүргізу уақытында әскери оқу орындарында кандидаттарды тіркеу жөніндегі іс-шаралар өткізілсін;
      2) тіркеу кезінде әрбір азаматпен әскери оқу орнына түсуге арналған әскери-кәсіби бағдарлау мақсатындағы жеке әнгімелер жүргізілсін;
      3) әскери оқу орындарында кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмысының басталуы туралы хабарландыру аудандық «Темір» газеті арқылы берілсін.
      7. Осы шешімнің орындалу барысы және қорытындысы туралы «Ақтөбе облысы Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Н.Сарсенбаев, келісім бойынша) аудан әкіміне 2010 жылдың сәуірінде хабарласын.
      8. «1993 жылы туған азаматтарды «Ақтөбе облысы Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы» аудан әкімінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 8 шешімнің (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-116 болып тіркелген, 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 3 «Темір» газетінде жарияланған) күші жойылсын.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қалауовқа жүктелсін
      10. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                   Н.Қалауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады