Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімінің 2010.12.10 № 10 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, 37 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Ақтөбе облысы Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) күшімен 2010 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурыз айларының аралығында 1993 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жүргізілсін.
2. Қала, кент, селолық округтерінің әкімдері, мекеме басшылары "Ақтөбе облысы Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кезекті тіркеуден өтетін азаматтарды ұйымшылдықпен келуіне және осы мақсаттар үшін қажетті көлік бөлуге, құжаттар дайындауға шаралар алынсын.
3. "Темір аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері (Е.Балбосынов, келісім бойынша):
1) шақыру учаскесін қажетті дәрігер-мамандармен, орта медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету;
2) барлық сауықтыруды қажет ететін жастарды емдеу мекемесіне бекіту;
3) дәрігерлік комиссияны құрал-жабдықтармен, заттармен, санитарлық-шаруашылық бұйымдармен қамтамасыз ету;
4) кезекті тіркеу кезінде жетіспейтін дәрігер - мамандарға облыстық денсаулық сақтау мекемесіне сұраныс жіберу ұсынылсын.
4. "Темір ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (А.Даулетов, келісім бойынша) шақыру және жастарды кезекті тіркеу кезінде жиналу пункттерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
5."Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Қожатілеу) 1993 жылы туған жасөспірімдерді шақыру учаскесіне кезекті тіркеу кезінде құжаттарды толтыру үшін техникалық қызметкерлер бөлінсін.
6. "Ақтөбе облысы Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (С.Қосмамбетов, келісім бойынша), "Темір аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (Ж.Қалмағанбетов) бірлесіп:
1) тіркеуді жүргізу уақытында әскери оқу орындарында кандидаттарды іріктеу жөніндегі іс-шаралар өткізу;
2) тіркеу кезінде әрбір азаматпен әскери оқу орнына түсуге арналған әскери-кәсіби бағдарлау мақсатындағы жеке әнгімелер өткізу;
3) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмысының басталуы туралы хабарландыруды аудандық "Темір" газеті арқылы жариялау ұсынылсын.
7. Осы шешімнің орындалу барысы және қорытындысы туралы "Ақтөбе облысы Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (С.Қосмамбетов, келісім бойынша) аудан әкіміне 2010 жылдың сәуірінде хабарласын.
8. "1992 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы" аудан әкімінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 7 шешімнің (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-88 болып тіркелген, 2008 жылғы 7 қаңтардағы № 1 "Темір" газетінде жарияланған) күші жойылсын.
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Өтеповке жүктелсін.
10. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күнен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Қаниев