Шұбарқұдық ауылының көшесіне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округ әкімінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 50 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 7 мамырда № 3-10-130 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және мәтінінде "кенттік", "кентінде", "кенті", "көшеге" сөздері "ауылдық", "ауылының", "ауылы", "көшесіне" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімінің 22.02.2017 № 31 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4-тармақшасына сәйкес Шұбарқұдық ауылдық округі Әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шұбарқұдық ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, "Ұлы Отан соғысы Жеңісінің-65 жылдығы" мерекесі қарсаңында, Шұбарқұдық ауылы қазіргі Батыс көшесіне "Жұмағазы Махимов" атауы берілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шұбарқұдық ауылдық
      округі әкімі Б. Избасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады