Шұбарқұдық кенттік округі әкімінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 50 "Шұбарқұдық кентінде көшеге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 31 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 наурызда № 5335 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 132 және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 197 "Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" бірлескен шешімі мен қаулысына нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3599 тіркелген сәйкес, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
      1. Шұбарқұдық кенттік округі әкімінің қазақ тіліндегі 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 50 "Шұбарқұдық кентінде көшеге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-130 тіркелген, 2010 жылғы 09 шілдедегі аудандық "Темір" газетіне жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімінің қазақ тіліндегі деректемелерінде, атауында және мәтінінде "кенттік", "кентінде", "кенті", "көшеге" сөздері "ауылдық", "ауылының", "ауылы", "көшесіне" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Қ.Нұралы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады