Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2011.04.27 № 239 Шешімімен.
«Қазақстан Республиксындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7 бабына сәйкес, «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысын орындау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Хромтау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына төмендегідей әлеуметтік қолдау шаралары белгіленсін:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – алты жүз отыз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының 0,01% –ы мөлшерінде белгіленсін.
3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-90 номерімен тіркелген, «Хромтау» аудандық қоғамдық-саяси газетінің 2009 жылдың 28 мамырындағы № 23-24 санында жарияланған аудандық мәслихаттың «Мамандарға көтерме жәрдемақы ұсыну туралы» 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 118 шешімінің күші жойылды деп танылсын
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық
сессиясының төрағасы мәслихат хатшысы
Ш.Омаров Д.Молдашев