Мамандарға көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 118 шешімі. Ақтобе облысы Хромтау аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 мамырда N 3-12-90 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қаңтардағы № 172 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2010.01.28 № 172 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған
 
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабына сәйкес және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысын орындау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнпарақтық күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
       Аудандық мәслихат             Аудандық мәслихат
     сессиясының төрағасы                хатшысы

           Н.Арсений                   Д.Молдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады