Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы N 178 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2010 жылдың 3 наурызда N 3-13-123 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 49 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2012.12.25 № 49 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-ІV ҚР Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы "Ең төмен күн көріс деңгейі туралы" N 474 Заңының 4 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың әлжуаз санаттары кедейшілік шегінен табысы аз азаматтарға, ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге есептік көрсеткіштің 1,5 мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін және 2010 жылдың 1 қаңтарынан басталған құқықтық қатынастарға таралсын.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы
      аудандық мәслихат хатшысы:            С. Тулемисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады