Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2010.07.20 № 212 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 қаулысымен бекітілген ережесінің 3 және 5 тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері отбасының жалпы айлық кірісінің шекті деңгейі 5 пайыз болып белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан басталған құқықтық қатынастарға таратылсын.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы хатшысы
Г.Сейтова С.Тулемисов