Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 24.12.2014 № 284 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13, 14 тармақшаларына және 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджеттік қаражатына қарай Шалқар ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары бойынша жұмысқа шектеу қойылатын тұлғалар;
2) 50 жастан асқан әйелдер;
3) 55-жастан асқан ерлер;
4) 25 жасқа дейінгі жастар;
5) ұзақ уақыт бойы жұмыс жасамаған тұлғалар (бір жылдан астам);
6) жанұясында бір де бір адам жұмыс жасамайтын тұлғалар;
7) 5-жасқа дейінгі балалары бар әйелдер.
2.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Жұмабаеваға жүктелсін.
3.
Осы қаулы әділет басқармасына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Р. Сыдықов |