Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2010.12.23 № 239 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 “Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Заңының 7-бабының 3-тармағына 4 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 “Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы” қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылғы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау мақсатында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит ұсынылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессиясы төрағасы хатшысы
Г.Сейтова С.Тулемисов