Шалқар қаласының атаусыз көшелеріне жаңа атау беру туралы

Жаңа

Бірлескен Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 шілдедегі № 197 шешімі және Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 215 қаулысы. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 тамызда № 3-13-136 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына, Қазақста Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Републикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына және Шалқар қаласының Жазықтық қалашығындағы атаусыз көше тұрғындарының конференция хаттамасына сәйкес, аудандық ономастикалық комиссиясының ұсыныстары негізінде халықтың пікірін ескере отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және  аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шалқар қаласының Жазықтық қалашығындағы атаусыз көшелеріне:
      Құлбатыр Қаратайұлы; Қазақай ахун; Тұңғатаров Исмағұл Тұңғатарұлы атаулары берілсін.
      2. Шалқар қаласына қарасты Мырзағұл Шыманұлы ауылының атаусыз көшелеріне:
      Көкжиде; Сарықамыс атаулары берілсін.
      3. Шалқар қаласына қарасты Жомарт ауылының атаусыз көшесіне Сазтөбе атауы берілсін.
      4. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                         Р.Сыдықов

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы:                     М.Үмбеталы

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы:                             С.Тулемисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады