Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Републикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы » Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына және Шалқар қаласының Ембі тұйығы көшесінің тұрғындарының конференция хаттамасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Шалқар қаласының Ембі тұйық көшесінің атауы Құлетов Ораз Ыбрайұлының атындағы тұйық көше болып өзгертілсін.
2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р.Сыдықов
Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы М.Үмбеталы
Аудандық мәслихаттың
хатшысы С.Тулемисов