Алматы облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 32-189 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2010 жылы 22 сәуірде N 2048 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы № 49-282 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 29.10.2015 № 49-282 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 8 тармақшасына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Алматы облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі" қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбековке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Х. Ахметжанов
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы А. Сыдық

  Алматы облыстық мәслихатының
2010 жылғы 12 сәуірдегі "Алматы
облысының елді мекендеріндегі
жасыл желектерді күтіп ұстау
мен қорғау Ережесін белгілеу
туралы" N 32-189 шешіміне
қосымша

Алматы облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп
ұстау мен қорғау
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы облысының елді мекендердегі жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, Экологиялық Кодексінің 19 бабына сәйкес әзірленді және барлық заңды және жеке тұлғалардың меншік нысандарына қарамастан Алматы облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау тәртібін белгілейді, осы Ереженің күші жеке тұрғын үй мен азаматтардың саяжай учаскелеріне, коммуналдық қызметтерінің қарауына жататын зираттар учаскелеріне және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға тарамайды.
      2. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қарамағында жасыл желектері бар аудан, қала әкімдіктеріне және уәкілетті органға жүктеледі.
      3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) жасыл желектерді амалсыз кесу - белгіленген тәртіппен түгендеуге, орман ауруларын зерттеуге және шаруашылық мақсаттар үшін пайдалануға жататын ағаштарды кесу;
      2) дендрологиялық жоспар (дендрожоспар) - көк желектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының және бұдан кейін құрылыс салу аймағын ескере отырып ашық учаскелерімен үйлесімде өсіп тұрған жасыл желектердің және отырғызуға жоспарланған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің түрлік және сандық құрамы көрсетілген аудандардың елді мекендердің, қалалардың шегінде жасыл желектерді отырғызу жоспары;
      3) жасыл желектерді қорғау - жасыл желектерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды жасауға, сақтау мен түлетуге (оның ішінде жойылған немесе зақымдалған жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
      4) жасыл алқап - түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га аумақта кем дегенде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;
      5) жасыл желектер - азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер;
      6) жасыл құрылыс - аудандардың елді мекендерінде, қалаларда, өнеркәсіп және басқа да нысандарда жасыл желектер аумағын құру, сақтау және көбейту жөніндегі шаралар жүйесі. Аумағы едәуір учаскелерді көгалдандыру жобалық тапсырма және оның техникалық жобасы негізінде жүргізіледі;
      7) жалпы пайдаланылатын жерлер - алаңдар, көшелер, жаяу соқпақтар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, бақтар, қала ормандары, бульварлар, суаттар, жағажайлар, зираттар және қала мұқтажын қанағаттандыратын өзге де нысандар (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазалау құрылыстары және басқа да жалпы пайдаланылатын инженерлік жүйелер) үшін алынған және арналған жерлер;
      8) жасыл желектерді түгендеу - (тал басын санау) жасыл желектердің сандық және сапалық сипаттамасы жан-жақты көрсетілген, көгалдандыру нысандарын есепке алу жөніндегі кешенді шаралар, сондай-ақ жоспарлы негізде көгалдандырудың әрбір элементін кескіндемелік бейнелеу;
      9) нысан (желек) жағдайының (тіршілік қабілетінің) коэффициенті (бұдан әрі - НЖК) - кесуге ұсынылған нысанның тіршілік қабілетін ескеретін, жасыл желектердің сапалық жай-күйі, оның одан әрі өмір сүруінің әлеуетті қабілеті;
      10) жасыл алқаптардағы ландшафтық кесу - құрғақ, шіріген ажары нашар және рекреациялық ықпалға төзімділігі төмен, ең әсем тұрақты тұқымның дамуына кедергі келтіретін және ағаш сапасын жақсарту мақсатында ағаштар мен бұталарды кесу;
      11) жасыл желектердің орман ауруларына бейімділігін зерттеу - зиянкестердің (жәндіктердің) бар-жоғын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының, діңдерде, тамыр жүйесі мен бөрікбасында аурулармен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің бар-жоғын анықтау. Егер желектердің 50 % астамы ауруларға шалдыққан болса, онда олар міндетті түрде санитарлық кесуге жатады.
      12) жасарту - қаңқалы және жартылай қаңқалы діңдерді қатты қысқарту, ұзарған жерлерін сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің ажарын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;
      13) көгалдандырылған аумақ - табиғи өсімдіктер, жасанды жасалған саябақ кешендері мен нысандары, бульварлар, бақтар, көкжелектер, гүлзарлар және т.б. орналасатын жер учаскесі;
      14) осы ережені бұзғандығы үшін жауапкершілік - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік және экономикалық жағынан ықпал ету шараларын қолдану;
      15) жасыл желектерді қайта отырғызу - тігінен немесе көлденеңінен тамыр жүйесіне таралуы бойынша (1,8 метрден бастап одан биігірек) жерде топырақ кесектерімен бірге қайта отырғызудың жоғары технологиясын сақтай отырып, жасы І сыныптағы топырақ кесектері бар (10 жылға дейін), сирек - жасы ІІ сыныпта (жапырақты тұқымдар үшін 11 жылдан 20 жылға дейін және қылқан жапырақтылар үшін 21 жылдан 40 жылға дейін) жапырақты және қылқан жапырақты өсіп тұрған ағаштар мен бұталарды қайта отырғызу;
      16) өтемдік (кепілдік) отырғызу жоспары - отырғызудың сандық, тұқымдық құрамы, көлемі, күнтізбелік мерзімі, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың кескіндемелік сызбасы бар, рұқсат етілген санитарлық кесуге, амалсыз кесуге немесе заңсыз кесуге ұшыраған жасыл желектер көлемін сол деңгейде өтейтін ағаштарды отырғызу жоспары;
      17) жасыл желектерді зақымдау - ағаш-бұтақ өсімдіктерінің бөрікбасына, діңіне, тамыр жүйесіне, шөпті өсімдіктердің жер үсті бөлігі мен тамыр жүйесіне өсімін тоқтатуға алып келмейтін залал келтіру. Тамыр жүйесінің механикалық термиялық немесе химиялық зақымдануы, тамыр қыртысы тұтастығының, топырақ үсті жамылғысы тұтастығының бұзылуы және залалдың өзге де түрін келтіру зақымдану болып табылады;
      18) аудандардың елді мекендерінде және қалалардағы жасыл желектердің тізілімі – аудандардың, қалалардың аумағындағы жасыл желектердің көлемі, түрі, түрлік құрамы, туралы мәліметтер тізілімі;
      19) санитарлық кесу - ауырған, зақымданған, құрғай бастаған және құрғаған ағаштары кесілетін, қала жасыл желегінің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілетін (іріктемелік, жаппай) кесу;
      20) санитарлық қырқу - апаттық жағдайда (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысына кедергі келтіретін) зақымдалған, қураған, құрғақ, ауру бұтақтарды қырқу;
      21) іріктемелік санитарлық кесу - қураған, солған, желден, қардан құлаған, қардан сынатын барлық сынып жастағы ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ тамыры зақымдалған, сәрпіңке мен өзге де таз ауруларына шалдыққан ағаштарды кесу;
      22) жаппай санитарлық кесу - көп мөлшерде желден, қардан құлаған, құрғаған және ауырған (ағаштардың 40 % астамы) жасыл алқаптардың, саябақтардың, бақтардың белгілі бір алаңдарында жүргізілетін ағаштар мен бұталарды кесу;
      23) жеке тұлғалардың аралас аумақтары (жапсарлас) - қала аумақтарының жалпы пайдаланылатын жерлерімен шектесетін, жасыл желектер өсіп тұрған жеке тұлғаларға тиесілі аумақ учаскесі;
      24) жасыл желектерді сақтау - көріктендіру және құрылыс жұмыстарының дағына түсетін, аса құнды желек тұқымдарын сақтауға бағытталған кешенді шаралар. Сақтау - құрылыс жүргізу кезінде желектердің бүлінуіне жол бермеу үшін қоршау және басқа да әдістермен жүзеге асырылады;
      25) арнайы мамандандырылған ұйым - жарғысында жасыл желектерді күту мен қорғау бойынша жүргізілетін жұмыстардың түрі көрсетілген, қажетті барлық материалдық және білікті еңбек ресурстары бар шаруашылық жүргізуші субъект;
      26) техникалық қадағалау - жасыл желектерді жасау (өтемдік отырғызуларды қоса кіргізгенде), күту және қорғау технологияларының сақталуына және белгіленген ережелердің, жасыл желектерді отырғызу және күту технологияларының сақталуына қадағалау (бақылау) жүргізу;
      27) жасыл желектерді жою - өсімінің тоқтауына алып келетін жасыл желектердің зақымдануы;
      28) күтім жасау - өсімдіктің төменгі бөлігі мен топырағына күтім жасау (қоректендіру, суару, қопсыту және т.б.);
      29) бөрікбастарды қалыптастыру - пішіндеуге келетін, жекелеген ағаштардың, бұталардың және жолдағы өсімдіктердің бұташалары мен ұзарған жерлерін оларға белгілі бір әсемдік беру мақсатында кесу және жасыл желектерді "жасарту".
      30) уәкілетті орган – "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      4. Алматы облысының аумағындағы барлық жасыл желектер, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өсіп тұрған жасыл желектерді, жеке үй құрылыстары мен саяжайларда және қалалық коммуналдық қызметтердің қарауына жататын зираттар учаскелерінде өсіп тұрған жасыл желектерді қоспағанда, қол сұғылмайтын аудандық және қалалық жасыл қорды құрайды.
      5. Меншік түріне қарамастан барлық азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар жасыл желектерді сақтау мен қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
      6. Жобалау, құрылыс және шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеде белгіленген жасыл желектерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық және өзге қызметтерді ұйымдастыруға арналған жоба алдындағы және жобалау құжаттамада топографиялық түсірілімге енгізілген жасыл желектердің күйі туралы толық және нақты мәліметтер болуы тиіс. Егер учаскеде 10-нан аса ағаш өсіп тұрса түгендеу және орман ауруларына бейімділігіне зерттеу жүргізу қажет.
      7. Аудан, қала аумағындағы жалпы пайдаланылатын аумақтарда орналасқан жасыл алқаптар қала дамуының бас жоспарына кіретін жер учаскелерін қоспағанда құрылыс салуға жатпайды.
      8. Жасыл желектерді амалсыз кесуге заңда белгіленген тәртіпте, қала мен ауданды дамытуға бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынған жер телімдерінде ғана рұқсат етіледі.

2. Аудандардың елді мекендерінде және қалалардағы жасыл
желектерді күтіп ұстау мен қорғау жөніндегі уәкілетті органы
рұқсат етуге жататын мәселелер

      9. Уәкілетті органы жасыл желектер мәселесі бойынша тапсырыстарды (өтініштерді) төмендегідей ретте қарастырады:
      1) тапсырыстарда (өтініштерде) көрсетілген жерге барып жасыл желектерді анықтайды, олардың тұқымдық құрамы, жасы, сапалық жағдайы нақтыланады, жасыл желектерді зерттеу актісі 1 қосымшаға сәйкес толтырылады;
      2) жасыл желектерді санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, қайта отырғызуға рұқсат алу үшін 2 қосымшаға сәйкес құжаттарды дайындайды;
      3) жасыл желектердi пішіндемелік қырқуға (жасартуға), санитарлық кесуге, сүңгегін тазалауға рұқсат алу үшін 3 қосымшаға сәйкес құжаттарды дайындайды.
      10. 1-ші тармақтағы талаптар осы ереженің 39, 40, 41 тармақтарында қарастырылған жағдайларда қолданылмайды;

3. Жасыл желектерді есепке алу, қорғау және күту

      11. Жасыл желектердің барлық түрі есепке алынады. Жасыл желектерді есепке алу 4 қосымшада белгіленген нысанға сәйкес тізілімге енгізіліп, есепке алынатын объект шекарасында орналасқан жасыл желектерді түгендеу және орман ауруларына бейімділігін зерттеу арқылы жүзеге асырылады.
      12. Жасыл желектерді есепке алу нәтижесін көрсететін құжат, белгіленген тәртіппен ресімделген түгендеу және орман ауруларына бейімділігін зерттеу құжаттарының негізінде жасалған жасыл желектердің жоспары (дендрожоспар) болып табылады.
      13. Жасыл желектерді түгендеу және орман ауруларына бейімділігіне зерттеу жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады. Жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу құжаттарының көшірмелерін жасыл қормен жұмыс жасау кезінде ұсыныс ретінде пайдалану үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – аудан, қала әкімдіктеріне жібереді.
      14. Амалсыз кесуге жататын және 10-нан астам ағашы бар учаскелер шегінде түрлік құрамын, сандық және сапалық күйін, жасын (диаметрін) ескере отыра жасыл желектерге түгендеу және орман ауруларына бейімділігіне тексеру жүргізу қажет.
      15. Аудандардың, қалалардың жасыл желектердің есебі мына мақсаттарда жүргізіледі:
      1) жасыл желектердің саны мен сапасы және жәй-күйі туралы шынайы мәліметтерді алу және есебін жүргізу;
      2) жасыл желектерді қорғау, сақтау және көгалдандырылған аумақтарды дамыту саласындағы аудан, қала саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
      3) халықты, жергілікті атқарушы органдарын жасыл желектердің саны мен жағдайы туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
      16. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғауды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – аудандық, қалалық әкімдіктер аппараты жүзеге асырады, мына жағдайларды қоспағанда, арнайы саябақтарда меншік иелеріне, тұрғын ықшам аудандарында, тұрғын үйлердің алдындағы көшелерде құрылыстан жаяусоқпаққа дейін - ішкі аула аумағы шегінде тұрғын үй қорының иелеріне, өнеркәсіп кәсіпорындары аумақтары мен меншіктің өзге нысандарында, құрылыс үшін бөлінген аумақтарда.
      17. Жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіру уәкілетті органының рұқсатына сәйкес жүргізілген санитарлық кескендігі, амалсыз кескендігі үшін биіктігі 3 метрден кем емес жапырақ тұқымдас, ал қылқан жапырақтылар үшін 2 метрден кем емес (І және І-ІІ сыныптағы сападағы) жолымен жүргізіледі. Көшеттердің тамыр жүйесінен жоғары діңгегінің диаметрі кем дегенде 3 сантиметр (діңгек бөлігінің 1,3 метр биіктікте) болуы керек. Мұндай кезде амалсыз кесілген ағаштардың орнына өтемдік отырғызу сол жер телімі аумағында (сәулет шарттары ескеріліп) үш есе көлемінде жүргізіледі. Санитарлық кесу және жасыл желектерді кесу жүргізілетін аумақта отырғызу үшін бос алаң болмаған жағдайда уәкілетті органы одан әрі өтемдік отырғызу жүргізу үшін арнайы учаскелерді анықтайды. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі өтемдік отырғызуларды тек қана жалпы пайдаланылатын жерлерде жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және көгалдандыруды жүргізу уәкілетті орган жүзеге асырады.
      18. НЖК бойынша 4 және 5 категориядағы апатты жағдайдағы, қураған және қартайған жасыл желектерді кесу кезінде заңды және жеке тұлғалар әрбір апатты жағдайдағы жасыл желекті кескені үшін жасыл желек кесілген жерде немесе уәкілетті органы белгілеген учаскеге жасыл желектерді кепілді өтемдік отырғызу ретінде 1 көшет отырғызады.
      19. Апаттық жағдайлардың алдын алу үшін - ұзақ тұрған (қартайған), апатты (құлап қауіп төндіретін және т.б., қураған ағаштардың, қатты піскен (тіршілігі қысқа мерзімді, жылдам өсетін: жасы 40-тан асқан теректердің барлық түрі; жасы 20-дан асқан жемісті ағаштар; жасы 50- ден асқан аласа шегіршін, вавилон қара шілігі) және басқа да ағаш түрлерінің өздігінен құлауын болдырмау үшін желектің сапалық жағдайына қарамастан сұлбасы, жапырағы, діңгегі 4 және 5 категориясын НЖК-ны қолдана отырып, алдын ала зерттеу жүргізудің (оның ішінде аудандардағы жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу нәтижесіне сәйкес НЖК қолдана отырып көшеттердің жоспарланған өтемдік отырғызылуын ескеру, апатты (қартайған және т.б. сол сияқты) ағаштарды құлату жөнінде бағдарлама әкімшілері, аудандардың, қалалардың құтқару қызметі, төтенше жағдайлар органдарының, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша ағаштарды амалсыз кесуге немесе санитарлық кесуге рұқсат беріледі.
      20. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі, ғимараттар мен үй-жайлардың, көп қабатты тұрғын үйлер аумақтарында желдің және табиғи сипаттағы өзге де оқиғалардың, жол-көлік апаттары нәтижесінде құлаған апатты ағаштарды жинау, құлаған жерлерді өз уақытында санитарлық тазалау және ағаш қалдықтарын шығару жер пайдалану шекарасындағы, сол аумаққа қарайтын мекеме қамтамасыз етеді.
      21. Жасыл желектерді күту жөніндегі бағдарламалардың әкімшілері (аудан, қала әкімдерінің аппараттары) көгалдандыру мәселелері бойынша табиғатты қорғау шараларын қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру үшін күнтізбелік жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде уәкілетті органына апатты ағаштарды санитарлық кесу немесе амалсыз кесу жүргізілген орындарға ірі көлемде отырғызылатын көшеттердің саны мен түрі нақты көрсетілген, қаланың жасыл қорын қалпына келтіру жөніндегі өтемдік жұмыстарды жүргізуге қаржыны ұйымдастыруға тапсырыс береді.
      22. Өнеркәсіптік, азаматтық мақсаттағы ғимараттардан және жеке тұрғын үй құрылысынан кемінде 5 м қашықтықта өсіп тұрған ағаштың ұшар басы ғимарат үшін қауіп туғызса - жабынды, балконды, лоджияны, терезені бүлдіретін және тамырлары ғимарат іргетасын қирататын болса, оларды санитарлық қырқуға, амалсыз кесуге рұқсат 3.01-01-2002 Қазақстан Республикасы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес шектесетін аумақта өтемдік отырғызуды анықтаумен, апатты жасыл желектерді кесу (НЖК бойынша 4 және 5 категориясы) ретінде беріледі.
      23. Жасыл желектерді заңсыз кескен жағдайда өтемдік қалпына келтіру биіктігі 3 метрден кем емес жапырақ тұқымдас көшеттерін, сондай-ақ биіктігі кемінде 2 метрден кем емес (І және ІІ сыныптағы сападағы) қылқан жапырақты тұқым көшеттерін он есе көлемінде отырғызу жолымен жүргізіледі. Діңгегінің диаметрі көшеттің жоғары тамыр жүйесінен (діңгек бөлігі 1.3 метр биіктікте) 3 сантиметрден кем болмауы керек. Заңсыз кесу жүргізілген аумақта ағаш отырғызу үшін бос алаң болмаған жағдайда уәкілетті органы өтемдік отырғызуды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен арнайы учаскелерді белгілейді.
      24. Жеке және заңды тұлғалар жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруді өз еркімен, оларды одан әрі күтуді қамтамасыз етудің шарттарын сақтай отырып жүргізе алады.
      25. Бюджет қаражаты есебінен құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде (күрделі құрылыс, жолдарды, жаяу соқпақтарды, арық желілерін жөндеу және т.б.) және коммерциялық құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдарға (тапсырыс берушілер мен мердігерлер) құрылыс жобаларында жасыл желектерді құру немесе қалпына келтіру (жобада қарастырылған) жөніндегі, жұмыстарын көгалдандыру жұмыстары аяқталғаннан кейінгі екі жыл бойы оларды күтіп-баптау жұмыстарын ескере отырып қаржыландыруды қарастыруы қажет.
      26. Жалпы пайдалану жерлерінде және жеке аумақтарда өсетін жасыл желектер механикалық зақымдалған немесе жол-көлік оқиғалары салдарынан жойылған жағдайда кінәлілердің тарапынан зақымдалған немесе жойылған желектердің өтемдік қалпына келтірілуін көшет отырғызу арқылы жүргізеді.
      27. Отырғызылған жасыл желектер жойылған жағдайда оның мүддесі үшін кесу жүргізілген тұлға жасыл желектерді қайта отырғызады және олар отырғызылғаннан кейін екі жыл ішінде әрі қарай күтіп-баптауын қамтамасыз етеді.
      28. Қажетті күтіп-ұстау, жасыл желекті қалпына келтіру мүмкіндігінің жоқтығына, механикалық зақымдалуға, көшеттердің баяу өсуіне байланысты, отырғызылған жерде көшеттердің жоқтығының (ұрланған) анықталуына байланысты жасыл желектердің жойылғандығы анықталған жағдайда (қурағандарын қоспағанда) оларды қалпына келтіру жасыл желектерді күту жауапкершілігі жүктелген тұлғалар есебінен жүргізіледі.
      29. Құрылыс және өзге жұмыс түрлерін жүргізген кезде осы учаскедегі сақталуға жататын, кесуге немесе санитарлық қырқуға жатпайтын барлық жасыл желектер тиімді қорғауды қамтамасыз ететін арнайы қорғаныс қоршауларымен қорғалуға тиіс.

4. Жасыл желектерді санитарлық кесу (іріктемелік, жаппай)
амалсыз кесу, қайта отырғызу, бөрікбастарын қалыптастыру,
санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегін тазалау

      30. Жасыл желектерді санитарлық кесу (іріктемелік, жаппай) амалсыз кесу, қайта отырғызу, ұшар бастарын қалыптастыру, санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегін тазалау осы Ережеде белгіленген уәкілетті органының рұқсатымен жүргізіледі.
      31. Жасыл желектерді қайта отырғызу бір жылдың ішінде уәкілетті органы берген рұқсатта көрсетілген уақытта, арнайы қайта отырғызу технологиясын сақтай отырып жүргізіледі. Жапырақты және қылқанжапырақты ағаштардың жерсінудің өнімділігін көтеру мақсатында оларды күз түскеннен бастап көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.
      32. Ағаштарды жасарту және қалың біткен ағаштарды сирету өсіп-өну кезеңі басталғанға дейін немесе күздің аяғына дейін жүргізіледі.
      33. Жаңа құрылысты оның ішінде, жаңартуға түсетін аумақтардағы құрылысты (бұрыннан бар жеке тұрғын үй құрылысын қоспағанда) олардың нысаналы мақсатына қарамастан (жоспарланған жеке тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс нысандары, әкімшілік ғимараттары, коммуникацияның, қызмет көрсету саласы нысандарының барлық түрлері) және жер учаскесіне құқықты ұйымдастыру кезінде жасыл желектерді кесу, түгендеу мен орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдары негізінде уәкілетті органының рұқсаты бойынша жүргізіледі.
      34. Жалпы пайдаланатын жерлердегі жасыл желектері бар аумақтарды күту жөніндегі бағдарламалар әкімшілері, заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ аумақтарында жасыл желек өсетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланушылар жыл сайын көктемгі және жазғы кезеңде жасыл желектерді зиянкестерден (жәндіктерден, паразиттік өсімдіктерден) және аурулардан сақтау үшін химиялық препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану тәртібін сақтай отырып химиялық әдістермен және басқа да биологиялық дәрі-дәрмектермен химиялық және фитосанитариялық өңдеу жөніндегі шараларды ұйымдастырады және өткізеді.
      35. Осы Ереженің 34 тармағында көрсетілген тұлғалардың химиялық және фитосанитариялық өңдеулерді жүргізуі, жасыл желектерді қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруы алдын ала бекітілген шаралар жоспары бойынша жүргізіледі және аудандық, қалалық әкімдіктерге жүктеледі, ал жүргізілген жұмыстарға бақылау жасау өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау жөніндегі уәкілетті органдарға жүктеледі.
      36. Жалпы пайдаланатын жерлерде жасыл желектерді санитарлық кесуді, амалсыз кесуді және санитарлық қырқуды міндетті түрде уәкілетті органы рұқсатын алдын ала ресімдеу арқылы, сол жер учаскесінде қызмет көрсететін арнайы мамандандырылған мекеме жүргізеді.
      37. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде, жасыл желекті қалпына келтіру белгіленген тәртіппен (көгалдандыру жобасы бойынша) тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      38. Ағаштың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын, ғимараттар мен үй-жайлардың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы (оның ішінде жол жүру белгілерін жауып тұрса) қауіпсіздігінің бұзылуына алып келетін төтенше және апатты жағдайларда аталған жасыл желектерді кесу және санитарлық қырқу рұқсатты ресімдеусіз шұғыл түрде жүргізіледі. Кесу немесе санитарлық қырқу деректері төтенше жағдайлар органдарының құтқарушы қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, артынша уәкілетті органға хабарланады.
      39. Шеткі өткізгіштер жолының екі жағында да тұрған электр тораптарының күзеттік және санитарлық қорғау аймақтары Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1000 В-қа дейінгі және 1000 В-дан артық электр тораптарын және жылу тораптарын қорғау ережелері туралы" 1997 жылғы 10 қазандағы N 1436 қаулысына сәйкес 15 метрден бастап 55 метрге дейінгі аралықты құрайды. Бұл аумақтарда тиісті ұйымдар қызмет көрсетеді. Қорғалатын және санитарлық - қорғау аймақтары бойындағы жасыл желектерді санитарлық кесу, қажетті амалсыз кесу, санитарлық қырқу, ұшар бастарды қалыптастыру, жасарту жұмыстары уәкілетті органның рұқсатынсыз, бірақ уәкілетті органына жалпы пайдаланатын аталған жер учаскесінде қызмет көрсететін мамандандырылған мекемені және көрсетілген аумақты күту жөніндегі бағдарламаның әкімшілері, ескерту арқылы (72 сағаттың ішінде жүргізілетін жұмыс түрлерінің кестесін ұсынып) желілері ведомстваға қарайтын мамандандырылған қызметтер жүргізеді. Бұл жағдайда жасалатын жұмыс түрлерін орындаудың технологиясы қатаң сақталуы қажет.
      40. Су ресурстарының (өзендер, су айдындары) жер үсті көздеріндегі су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды болдырмау үшін өзен арнасында, су айдындарында өскен жасыл желектерді кесу шұғыл түрде жүргізіледі. Кесу дерегі аудандардың төтенше жағдайлар органдары мен экологиялық қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, артынша 72 (жетпіс екі) сағаттың бойында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға хабарланады.
      41. Кесілген жасыл желек пен ұнталған қалдықтарды (үгінділер, бұталар, жапырақтар, ұшар бастар және т.б.) жұмыс жүргізілген жерде жинау мен сақтауға тыйым салынады. Ағаштарды кесу, көлденең бөлу, ағаш қалдықтарды тасымалдау бойынша барлық жұмыстар техника қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкестікте жүргізілуге тиіс.
      42. Жасыл желектерді қайта отырғызу бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін тапсырысшы олардың одан әрі ұстап-күтілуін қамтамасыз етуге міндетті.
      43. Жаңадан салынып жатқан немесе жаңартылып жатқан нысандар үшін жасыл желектерді санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, сүңгегін тазалауға, санитарлық қырқуға, қайта отырғызуға рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар тапсырылуға тиіс:
      Жаңадан нысан, құрылыс, үй-жай салу (жаңарту) кезінде заңды тұлғалар үшін:
      1) уәкілетті орган басшысының атына басшының толық аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және сұратылған жасыл желектің орны көрсетілген өтініш;
      2) жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесі (нысандар құрылысы, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы (бұдан әрі ЖТҚ) үшін жер учаскесін бөлген кездегі);
      3) жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі;
      4) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы (салынып жатқан және жаңартылатын нысандар үшін);
      5) қайта салынатын нысандар үшін сәулет және қала құрылысы басқармасының сәулеттік-жоспарламалық тапсырмасы бойынша қорытынды;
      6) өсіп тұрған жасыл желектердің тұқымдық және сандық құрамы, олардың жәй-күйі көрсетілген жер учаскесінің топографиялық түсірілімі (және егер құрылыс жүргізілетін жерде 10-нан артық ағаш өссе, жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдарын);
      7) өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектердің орналасуы көрсетілген жобалық көгалдандыру жоспары;
      8) өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген кепілдік хат;
      Бұрыннан тұрған нысандардың аумағын көріктендіру және эстетикалық келбетін жақсарту үшін:
      1) уәкілетті орган басшысының атына басшының толық аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және сұратылған жасыл желектің орны көрсетілген өтініш;
      2) жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі;
      3) өсіп тұрған жасыл желектердің тұқымдық және сандық құрамы, олардың жәй-күйі көрсетілген жер учаскесінің топографиялық түсірілімі (және егер құрылыс жүргізілетін жерде 10-нан артық ағаш өссе, жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдарын);
      4) өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектердің орналасуы көрсетілген жобалық көгалдандыру жоспары;
      5) өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген кепілдік хат;
      Жасыл желектер шектесетін аумақтарда өскен жағдайда жеке тұлғалар үшін:
      1) уәкілетті орган басшысының атына өтініш;
      2) жер учаскесіне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшірмесі.
      3) жасыл желектердің орналасуы көрсетілген өтемдік көгалдандырудың нобай- жоспары;
      4) өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтау уақыты көрсетілген кепілдік хат.
      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – аудан, қала әкімінің аппараттары - бюджет қаржысына жүргізілетін жасыл желектерді қайта отырғызуға, санитарлық кесуге рұқсаттарды ресімдеу үшін уәкілетті органға төмендегідей құжаттарды ұсынады:
      1) уәкілетті органның басшысының атына басшының аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және жасыл желек орналасқан жерді көрсете отырып жазылған тапсырыс;
      2) өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектерді отырғызу сызбасы көрсетілген, жобалық көгалдандырудың жоспары;
      3) көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген, өтемдік көгалдандыру жөніндегі кепіл хат.
      44. Қайта салынатын нысандар үшін жеке және заңды тұлғалар жасыл желектерді кесуге рұқсат беру туралы өтініш жасаған кезде, олар осы Ереженің 43 тармағына сәйкес құжаттардың көшірмелерін тапсыруы қажет.
      45. Өтініш уәкілетті орган маманының сол жерге барып жер учаскесіне міндетті тексеріс жүргізуімен қаралады, оған тапсырысшының немесе өтініш берушінің өкілі қатысады.
      46. Санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, санитарлық қырқуға және ұшар бастарды қалыптастыруға түсетін (қаралатын учаскедегі) желектің 10 бірліктен артық сандық құрамын алдын ала анықтаған жағдайда тапсырысшы алдын ала өтінішке қоса белгіленген тәртіппен түгендеу және орман ауруларына бейімділік деңгейін зерттеу материалдарын тапсырады.
      47. Жасыл желектерді санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, санитарлық қырқуға, отырғызуға, сүңгектерін түзетуге рұқсат күшінің мерзімін климаттық жағдайларға және желектердің түрлік құрамына байланысты, алайда ағымдағы күнтізбелік жыл айының соңғы күнінен кешіктірмей уәкілетті органы анықтайды.
      48. Көгалдандырылған аумақтарға осы Ережемен мыналарға тыйым салынады:
      1) жасыл желектерді зақымдауға немесе құртуға;
      2) алау жағуға, түскен жапырақ пен құрғақ шөпті жағуға;
      3) тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтармен, ағынды сумен қоқыстауға және ластауға;
      4) ағаштан шырын өндіруге, жазулар, оюлар салуға, ағаштарға жарнама, хабарландыру, нөмірлік белгілер, әртүрлі көрсеткіштерді, сымдарды орналастыруға және ағашқа ілмек пен шеге қағуға;
      5) автокөліктердің, құрылыс техникасы мен өзге техниканың, осы аумақты пайдалануға және жасыл желекті күтуге байланысты техниканы қоспағанда, өтуі мен тұруына;
      6) автокөлік құралдарын жууға;
      7) көкжелекке көлік құралдарын қоюға;
      8) мал жаюға;
      9) әртүрлі жүктерді, оның ішінде құрылыс материалдарын үюге;
      10) ағаштар мен бұталардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды сақтамай, жасыл желектер алып жатқан учаскелерге төбеден қар түсіруге.

5. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау саласындағы құқық
бұзушылық үшін жауапкершілік

      49. Жасыл желектерді заңсыз зақымдау немесе жою үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде анықталады.
      50. Жеке, лауазымды және заңды тұлғалар осы Ереженің қағидаларын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

  "Алматы облысының елді
мекендеріндегі жасыл
желектерді күтіп ұстау
мен қорғау Ережесіне"
1 қосымша

Жасыл желектерді зерттеу
АКТІСІ 20____ ж. "____" ____________ Көше________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

      Аудан________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Біздер, төменде қол қоюшылар_____________________________________________________________
      атқарушы органның лауазымды тұлғасы
      _____________________________________________________________________
      (лауазымы, А.Ж.Т, органның атауы)
      _____________________________________________________________________
      және тапсырыс берушінің өкілi
      _____________________________________________________________________
      түсетін жасыл желектерге зерттеу жүргіздi
      _____________________________________________________________________
      Нәтижесінде анықталды:

N
Жасыл желектердің
тұқымдық құрамы
Кесілетін
Қайта отырғызу
Көлем
дм
Көлем
дм
1
 
 
 
 
 
2
 
 
 
 
 

      
      Кестенің жалғасы

N
Жасыл желектердің
тұқымдық
құрамы
Сақталады
Сапалық (нақты) жағдайы
Көлем
дм
Жақсы
Қанағат
Қанағат
емес
1
 
 
 
 
 
 
2
 
 
 
 
 
 

      
       Осы акт____дана болып жасалды.
       Ескертпе: Тексеру актісі ағашты кесуге немесе отырғызуға құқық беретін құжат болып табылмайды.
       Тапсырысшының өкілі алды ________ А.Ж.Т.
       Атқарушы органның
       лауазымды тұлғасы қолы А.Ж.Т.

  "Алматы облысының елді
мекендеріндегі жасыл
желектерді күтіп ұстау
мен қорғау Ережесіне"
2 қосымша

Жасыл желектерді кесуге, амалсыз кесуге, қайта отырғызуға берілген
РҰҚСАТ

      1. Кәсіпорынның аталуы (СТН) (тапсырысшы, өтініш беруші)
      2. Кәсіпорынның басшысы (А.Ж.Т.) (тапсырысшы, өтініш беруші)
      3. Сұралған учаскенің мақсаты
      4. Орналасқан жерi
      5. Шараларды өткізу үшін негіздеме
      6. Жер учаскесінің меншік түрі (N, күні)
      7. Уәкілетті органның жасыл желектерді зерттеу актісi
      8. Жасыл желек қорын өтемдік қалпына келтіру жөніндегі міндеттеме (кепілдік хат)
      9. Көгалдандырудың (көріктендірудің) жобалық жоспары

ҚОРЫТЫНДЫ

      Атқарушы орган (толық атауы) жасыл желектердің жәй-күйін ескере отырып, зерттеу актісіне сәйкес жасыл желектерді санитарлық кесуді, амалсыз кесуді келіседі:
      ағаш-бұтақты жасыл желектердің нақты (сандық, сапалық) жағдайын, сондай-ақ қайта отырғызу жұмыстарын жүргізу мерзімі мен жұмыстардың аяқталатын күнін көрсету қажет".
      Бұл жағдайда бірінші басшыға мына талаптарды орындау міндеттеледі:
      1. Жер асты және жер үсті коммуникацияларын қорғау нормаларымен ережелерін сақтай отырып, сәнді-бағалы жасыл желектерді отырғызу жолымен өтемдік қалпына келтіру бойынша шараларды жүргізу.
      2. Жасыл желектерді қорғау, күту мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенін жүргізу.
      3. Рұқсат күшінің мерзімі.
      4. Тапсырысты рұқсаттың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін, тапсырысшы жазбаша түрде атқарылған жұмыстар туралы есеп беруге тиіс.
       Қосымша:____________
       Ескертпе:___________
       Атқарушы органның басшысы А.Ж.Т.

  "Алматы облысының елді
мекендеріндегі жасыл
желектерді күтіп ұстау
мен қорғау Ережесіне"
3 қосымша

Жасыл желектердi пішіндемелік қырқуға (жасартуға), санитарлық кесуге, сүңгегін тазалауға
РҰҚСАТ

      1. Кәсіпорынның атауы (СТН) (тапсырысшы, өтініш беруші)
      2. Кәсіпорынның басшысы (А.Ж.Т.) (тапсырысшы, өтініш беруші)
      3. Сұралған учаскенің мақсаты
      4. Орналасқан жерi
      5. Шараларды өткізу үшін негіздеме
      6. Жер учаскесінің меншік нысаны (N, күні)

ҚОРЫТЫНДЫ

      Атқарушы орган (толық атауы) жасыл желектердің жәй-күйін ескере отыра, зерттеу актісіне сәйкес келіседі:
      жұмыс түрлерін (тұқымдық құрамын, желектер санын, диаметрін, өсетін жерін, сондай-ақ жұмыс жүргізу мерзімін көрсете отыра төмендегі жасыл желектерді түзеуді, пішіндемелік немесе санитарлық кесуді, сүңгегін тазалауды).
      Бұл жағдайда бірінші басшыға мына талаптарды орындау міндеттеледі:
      1. Жасыл желектерді күту, ұстау мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенін жүргізу.
      2. Рұқсат күшінің мерзімі.
      3. Тапсырысты рұқсаттың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін, тапсырысшы жазбаша түрде атқарылған жұмыстар туралы есеп беруге тиіс.
       Ескертпе:____________
       Атқарушы органның
       басшысы А.Ж.Т.

  "Алматы облысының елді
мекендеріндегі жасыл
желектерді күтіп ұстау
мен қорғау Ережесіне"
4 қосымша

20___жылдың 1 қаңтарына дейінгi аудан, қала жасыл желектерінің тізілімi
Жасыл желек нысандарының (учаскелерін) алаңының жер санаты, өсімдік түрлері және функционалдық мақсаты бойынша бөлу

      Ауыл, қала
      Әкімшілік аудан: (код)________________________________
      Иесі:_________________________________________
      Жасыл желектер тізілімі

N р/н,
инвентарлық
N,
жасыл
желек
төлқұжаты
Жердің
функционалдық
мақсаты,
(жасыл
желектер
санаты)
жіктемелік
код
Ағаш өсімдігі
Жекелеген
ағаштар,
дана
Топтар,
куртиналар
Тоғайлар,
алқаптар,
бақтар
га
Бағытты
көшеттер,
дана
НЖК
Барлығы:
дана
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Кестенің жалғасы

Бұта өсімдіктері
Жекелеген
дана
Жасыл
қоршау,
дана
Қатарлық
көшеттер,
дана
Топтық
отырғызулар,
дана
НЖК
Барлығы:
кума метр/
дана
 
 
 
 
 
 

      

Ашық кеңістік
Гүлзарлар
Бір
жылдық
МІ
Көпжылдық,
МІ/дана
Контейнерлік,
дана
Вазон,
МІ
Альпинарий,
рокарий,
МІ
НЖК
Барлығы:
МІ/дана

      
      Кестенің жалғасы

Көкжелектер
Патерлік,
MI
Кәдімгі,
MI
Топырақ беті
жамылғысы,
MI
НЖК
Барлығы:
MI/дана

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады