Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011.01.06 N 1-14 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабы және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 20-бабы негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі "2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 11 мамырда тіркелген нөмірі N 2-1-121, "Талдықорған" газетінің 2010 жылғы 14 мамырдағы 20-нөмірінде жарияланған) N 9-307 қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
2 тармағында:
көрсетілген қаулымен құрылған шақыру комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Асқар Шахатұлы Шайхин - "Талдықорған қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары;
Сымбат Кабкешқызы Сванколова - "Талдықорған қаласының қалалық емханасы" мемлекеттік денсаулық мекемесінің медбикесі, хатшысы;
көрсетілген құрамнан Қилыбаева Келденқыхзы, Нартбаева Бибигүл Кажымуханқызы шығарылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Жылқайдаров