Талдықорған қаласы Өтенай селолық округінде орналасқан Еңбек ауылына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 шілдедегі N 18-572 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2010 жылы 28 шілдеде N 2-1-127 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі N 25-857 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі N 25-857 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10–бабы 2–тармағының 9)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 28 сәуірдегі "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" N 407 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) аурулардың алдын - алу және күресу жөніндегі ветеринариялық - санитарлық және санитарлық – эпидемиологиялық ережені бекіту туралы" N 632 бұйрығына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторы М. Молдабаевтың 2010 жылғы 07 маусымдағы N 788 ұсынысы негізінде Талдықорған қаласы Өтенай селолық округінің Еңбек ауылындағы қой және ешкілерден бруцеллез ауруының індет ошағы айқындалуына байланысты карантиндік режим және шектеу іс - шаралары енгізіле отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. "Талдықорған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Нұрлан Қайдарұлы Жамаубаев) және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция Комитетінің Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің Талдықорған қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторы (Манат Болатбекұлы Молдабаев келісім бойынша) Талдықорған қаласы Өтенай селолық округінде орналасқан Еңбек ауылында тиісті іс-шараларын жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Т. Қайнарбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Жылқайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады