Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 08.12.2014 № 36-1289 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14-бабы 2-тармақшасына сәйкес және Алматы облысы әкімдігінің 2005 жылғы 27 қазандағы "Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын бөлшектеп сатудың ережелерін бекіту туралы" N 228 қаулысын (Алматы облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 2 желтоқсанда тіркелген нөмірі 1952) орындау мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату үшін әдейі бөлінген тұрақты үй-жайлар және олардың орналасқан жерлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 қарашадағы "Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасы үшін арнайы стационарлық орындарды белгілеу туралы" N 30-1093 қаулысының (Талдықорған қаласының әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 16 қарашада тіркелген нөмірі 2-1-31) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Көлбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Жылқайдаров
Қала әкімдігінің 2010 жылғы
25 қазандағы "Эротикалық
сипаттағы материалдар
жариялайтын мерзімді
баспасөз басылымдарын
бөлшек саудада сату үшін
әдейі бөлінген тұрақты
үй-жайларды белгілеу туралы"
N 29-951 қаулысына
қосымша
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз
басылымдарын бөлшек саудада сату үшін әдейі бөлінген тұрақты
үй-жайлар және олардың орналасқан жерлері
"Қазпошта" акционерлік |
"Мүшелтой" шағын ауданы N 25 үй |
"Қазпошта" акционерлік қоғамының |
Біржан сал көшесі N 89 үй |
"Қазпошта" акционерлік қоғамының |
"Жетісу" шағын ауданы N 33 үй |
"Қазпошта" акционерлік қоғамының |
"Жастар" шағын ауданы N 13 үй |
N 2 "Гелиос" жанар-жағар май құю станциясы |
Алматы-Талдықорған тасжолының 4 шақырымы |