Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурыздағы N 67 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қаласының Әділет басқармасында 2011 жылы 08 сәуірде N 2-3-93 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы N 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2012.03.27 N 85 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 03 наурыздағы N 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 03 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 03 наурыздағы N 1163 Жарлығын іске асыру туралы" N 250 Қаулысы негізінде, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Текелі қаласы және Рудничный кентінде Қарабұлақ ауданы, Строительная көшесі,13 мекен жайындағы шақыру учаскесіне "Алматы облысы Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша шаралар ұйымдастырылсын және қамтамасыз етсін.
      2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне қалалық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Азаматтарды әскери қызметке шақыру тәртібі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Текелі қаласында және Рудничный кентінде 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды Қарулы Күштер қатарына шақыру кезеңінде шақыру учаскелеріне шақырылғаны туралы хабардар ету және олардың келуін ұйымдастырсын.
      5. Текелі қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Сәкен Әубәкірұлы Раимбеков (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыруды, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына шақырылғандарды шақыру және жөнелту кезеңінде шақыру учаскелерінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырсын.
      6. Текелі қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 79 (Текелі қалалық Әділет басқармасында 2010 жылдың 27 сәуірдегі 2-3-78 нөмірімен нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2010 жылы 7 мамырда "Текелі тынысы" газетінің 6 нөмірінде жарияланған) қаулысының орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Баяхметқызы Маупашеваға жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қаласының әкімі                     С. Бескемпіров

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ескелді ауданының қорғаныс
      істері бойынша бөлімнің бастығы            Асан Уахитұлы Қанағатов
      30 наурыз 2011 жыл

      "Текелі қаласының қалалық
      ауруханасы" мемлекеттік қазынашылық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  Толеуханова Ляйля Омархановна
      30 наурыз 2011 жыл

      Қалалық ішкі істер
      бөлімінің бастығы                          Раимбеков Сәкен Әубәкірұлы
      30 наурыз 2011 жыл

Текелі қаласы әкімдігінің
30 наурыздағы 2011 жылғы N 67
"Қазақстан Республикасының азаматтарын
2011 жылдың сәуір-маусым және
қазан-желтоқсан айларында кезекті
мерзімді әскери қызметке
шақыру туралы" қаулысына
1-қосымша

Қалалық шақыру комиссиясының құрамы:

      Асан Уахитұлы Қанағатов - Ескелді ауданының қорғаныс істері бойынша бөлімнің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы;
      Гүлмира Баяхметқызы Маупашева - Текелі қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

      Қалалық шақыру комиссиясының мүшелері:

      Ғалымжан Қуанышбекұлы Айбасов - Қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
      Евгений Валентинович Кан - "Текелі қаласының қалалық ауруханасы" мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының хирургия бөлімінің меңгерушісі, медициналық комиссиясының төрағасы;
      Майгүл Иркашевна Тен - "Текелі қаласының қалалық ауруханасы" мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының медбикесі, қалалық шақыру комиссиясының хатшысы.

Текелі қаласы әкімдігінің
30 наурыздағы 2011 жылғы N 67
"Қазақстан Республикасының азаматтарын
2011 жылдың сәуір-маусым және
қазан-желтоқсан айларында кезекті
мерзімді әскери қызметке
шақыру туралы" қаулысына
2-қосымша

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кестесі

N р/р

Жібері-
летін
орны

Барлығы

Жіберу күндері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18




01

02

05

06

07

08

09

12

13

14

15

16

19

20

21

1

Текелі
қаласы

290

50

50

50

50

50

40










2

Руднич-
ный кенті

10






10










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады