Текелі қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 27-202 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қаласының Әділет басқармасында 2011 жылы 27 қаңтарда N 2-3-90 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2013 жылғы 19 шілдедегі N 19-121 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 19.07.2013 N 19-121 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2011.12.08 N 38-300 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 13-бабының 1-тармағын және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережені бекіту туралы" N 66 Қаулысының 9-тармағын басшылыққа алып, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Текелі қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Б. Белдібековке және Текелі қалалық мәслихатының бюджет және экономика мәселесі бойынша комиссиясының төрағасы К. Нестеровке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қалалық мәслихатының
      IV шақырылымындағы кезекті
      ХXІХ сессиясының төрағасы                  Б. Менісов

      Текелі қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Н. Калиновский

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Текелі қаласының тұрғын үй
      коммуналдық-шаруашылық,
      жолаушылар көлігі және автомобиль
      жолдары бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Нигматулин Джалил Шамилович
      20 желтоқсан 2010 жыл

Текелі қалалық мәслихатының
2010 жылғы 20 желтоқсандағы
"Текелі қаласының мемлекеттік
коммуналдық тұрғын үй қорынан
тұрғын үйлерді жекешелендіру
қағидасын бекіту туралы"
N 27-202 шешімімен
бекітілген

Текелі қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан
тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидасы

      Осы қағида Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 13-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережені бекіту туралы" N 66 Қаулысының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Текелі қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін реттейді.
      Ескерту. Қағидаға өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2011.12.08 N 38-300 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын жекешелендіру - өздері тұратын үй-жайларын ерікті негізде азаматтарға жекеменшікке тегін беру және сату.
      2. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан жекешелендіруге бұрын қатыспаған азаматтар тұрғын үйді меншікке алуы мүмкін.
      3. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді меншігіне тегін алатындар:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары. Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушысы қайтыс болған жағдайда, оған берілген тұрғын үйді тегін алу оның отбасы мүшелеріне өтеді;
      2) I және II топтағы мүгедектер (мүгедектігі заңға қайшы келетін әрекеттерден болған азаматтардан басқалары);
      3) Чернобыль АЭС-дегі авария салдарын жоюға қатысушылар;
      4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар;
      5) жауынгер-интернационалистер.
      4. Мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттік қызметте немесе бюджеттік ұйымдарда (мемлекеттік сайланбалы қызметте болу мерзімін қосқанда) кемінде он жыл жұмыс істесе, сондай-ақ жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, өздері тұратын қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үйді меншік иелерінің келісімімен, қалдық құны бойынша жекешелендіре алады, егер еңбек қатынастары келесі негіздер бойынша тоқтатылса:
      1) ұйым (кәсіпорын) таратылғанда, қызметкерлер саны немесе штат қысқартылғанда;
      2) әрі қарай жұмыс істеуге кедергі келтіретін сырқаты болса;
      3) зейнет демалысына шыққан кезде.
      5. Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан және мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттіліктерге жеке меншіктегі тұрғын үй-жайларды бұзып жер телімдері алынып азаматтарға ұсынылған тұрғын үйлер өтеусіз берілуі тиіс.
      6. Тұрғын үйлерді жекешелендіру кәмелеттік жастағы бірге тұрақты тұратын барлық отбасы мүшелерінің жазбаша түрдегі келісімі бойынша жасалады.
      7. Жекешелендірілген тұрғын үй жалға алушының және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің, соның ішінде уақытша тұрмайтындарының, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмеген болса, бірлескен ортақ меншігіне көшеді.

Жекешелендіру тәртібі

      8. Азаматтар Текелі қаласы әкімінің атына бұрын жекешелендіруге қатыспағандығын көрсетіп коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруге келесі құжаттармен бірге өтініштерін ұсынады:
      1) үй-жайға берілетін жалдау шарты;
      2) жұмыс орнынан анықтама;
      3) баланс ұстаушының тұрғын үйдің қалдық құны туралы анықтама;
      4) өтініш берушіге және оның отбасы мүшелеріне Текелі қаласында меншігінде үйі жоқ туралы анықтама;
      5) өтініш берушінің немесе оның әйелінің (жұбайының) жеке куәлігінің көшірмесі;
      6) өтініш берушінің отбасылық жағдайын растайтын құжаттар (неке қию туралы куәлік, өзімен бірге тұратын балалардың туу туралы куәлігі);
      7) өтініш берушінің жұмыс өтілі немесе жекешелендіруді дәлелдейтін құжаттар.
      9. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесімен айналысатын уәкілетті атқарушы орган азаматтардың жекешелендіруге ұсынған құжаттарды тексеріп, Алматы облыстық қаржы басқармасына жекешелендіруге келісім алу үшін жібереді.
      10. Текелі қаласының әкімдігі Алматы облыстық қаржы басқармасының келісімін алғаннан соң жекешелендіру туралы қаулы шығарады.
      11. Жекешелендіру кезінде Текелі қаласының мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алушымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесімен айналысатын уәкілетті атқарушы орган арасында жазбаша түрде жекешелендіру шарты жасалуы тиіс.
      12. Тұрғын үйдің құны мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша тұрғын үйді алуға (құрылысына) жұмсалған шығынның сомасы және жеңілдіктер ескеріле отырып анықталады. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу бойынша алынбаған тұрғын үйлердің құны жеке тұлғалардың салық салынатын нысандарының құнын анықтауға арналған қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгіленеді.
      13. Тұрғын үйдің құнын 10 пайызға төмендету жеңілдігіне халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататындар:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
      2) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
      3) заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
      4) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
      5) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма үш жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады;
      6) оралмандар;
      7) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
      8) көп балалы отбасылар;
      9) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына;
      10) толық емес отбасылар.
      14. Мемлекеттік қызметте еңбек өтілі 10 жылдан асатын, мемлекеттік бюджеттің қаражат есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік органдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың қызметшілері, бюджеттік ұйымдарда еңбек өтілі 20 жылдан асатындар пәтер (тұрғын үй) бағасын 10 пайызға төмендету жеңілдігіне ие болады. Азаматтар осы қағиданы пайдалана отырып бір рет қана мемлекеттік тұрғын үй қорынан өзі тұратын тұрғын үйді тегін алуға немесе сатып алуға болады.

Қорытынды

      15. Текелі қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде туындаған даулар тараптардың өзара келісімі бойынша немесе заңнамаға сәйкес сот тәртібімен қаралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады