Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 20.12.2013 N 25-162 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 61-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.аТекелі қалалық мәслихатының "Текелі қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 27-202 (Текелі қалалық Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 қаңтарда 2-3-90 нөмірімен мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 4 ақпандағы "Текелі тынысы" газетінің 4 нөмірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) кіріспедегі "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 7)атармақшасын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)атармақшасын" деген сөздермен ауыстырылсын.
2) Текелі қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидасындағы "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 7)атармақшасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)атармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2.пОсы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қалалық мәслихатының
IV шақырылымындағы кезекті
ХL сессиясының төрайымы С. Айтбаева
Текелі қалалық
мәслихатының хатшысы Н. Калиновский