Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2010.12.12 N 12-345 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 "Белгіленген қызметшілерді толысқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып қамтамасыз ету туралы" Алакөл аудан әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 3-89 қаулысына (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу тізімінде N 2-5-84 болып тіркелген) келесі өзгерістер еңгізілсін.
Жоғарыда аталған қаулының N 1-қосымшасына сәйкес құрылған, аудандық шақыру комиссиясының құрамынан шығарылсын:
Бектуров Қазиер Нұғыманұлы;
Аудандық шақыру комиссиясының құрамына енгізілсін:
Агадилов Марат Қуандықұлы - комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімі аппаратының әскери жұмылдыру және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы.
2. Аудан әкімінің осы қаулысы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3.Осы қаулының орындалуын аудан әкімінің орынбасары С.Д. Меңлібаеваға жүктелсін.
Аудан әкімі Б. Қарасаев