РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына сәйкес және қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді толысқа шығару және қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді қызметке шақыру туралы" Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысы негізінде Алакөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Б.Момышұлы көшесі N 110 үй мекен-жайындағы шақыру учаскесінде Алакөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы он сегізден жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізу 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сай құрамда құрылсын.
3. Қала, кент, ауылдық округтердің әкімдері 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру кезеңінде әскер қатарына шақырылғандарды олардың шақыру учаскесіне шақырылған туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
4. "Алакөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Нұрлан Мырзаханұлы Масимов), әскерге шақырылғандарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шығарып салу кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру, Алакөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырушылар мен әскери міндеттілер туралы хабарлау ұсынылсын.
5. Осы қаулының жүзеге асуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Д. Меңлібаеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қарасаев
2010 жылдың 31 наурыздағы N 3-89
"Қазақстан Республикасының азаматтарын
2010 жылдың сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында кезекті
мерзімді әскери қызметке
шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып,
қамтамасыз ету туралы қаулысына
1 қосымша
Ескерту. 1 қосымшаға өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2010.09.27 N 9-239 (жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Мейрембеков Ерен Оқасович - комиссия төрағасы, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы;
Агадилов Марат Қуандықұлы - комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімі аппаратының әскери жұмылдыру және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы.
Комиссия мүшелері:
Ирмекеев Ерлан Аяжанұлы - Алакөл аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Ниязова Баршагуль Қиықпаевна - Алакөл ауданының "Орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігердің орынбасары;
Елубаева Ләтай Сулейменқызы - комиссия хатшысы, Алакөл ауданының "Орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны емханасының медбикесі.