РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, Достық бекетінің тұрғындарының пікірін және Алакөл аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып, Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Шешімнің кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Алматы облысы Алакөл ауданы Достық ауылдық округі әкімінің 09.01.2015 № 1 шешімімен.
1. Алакөл ауданы Достық ауылдық округіне қарасты, Достық бекетіндегі Привокзальная көшесінің атауын, Теміржолшылар көшесіне өзгертіліп берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу, Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Тоқмырзаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Достық ауылдық | |
округінің әкімі | Е. Жақиянов |