Достық кенттік округі әкімінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы "Көше атауларын өзгерту туралы" № 28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Алматы облысы Алакөл ауданы Достық ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 09 қаңтардағы № 1 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 ақпанда № 3035 болып тіркелді.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Достық кенттік округі әкімінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы "Көше атауларын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 2011 жылдың 11 қаңтарында № 2-5-137 тіркелген, "Алакөл" газетінде 2011жылдың 21 қаңтарында № 3 жарияланған) № 28 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "кенттік" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын;

      аталған шешімнің кіріспесіндегі "4-тармағын" сөздері "4) тармақшасын" сөздеріне ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Достық ауылдық округінің бас маман – заңгер Айдарханова Гүлмира Мұратқызына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ауылдық округ әкімі

Қ. Мухаметкалиев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады