Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін Жанама ауылдық округінде белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Жанама ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 19 тамыздағы N 07 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 22 қыркүйекте N 2-5-117 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" N 339 II Заңының 10-1-бабының 7-тармақшасына және Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 29 маусымдағы "Жанама ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан сарып ауруының туындағанына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" ұсынысына сәйкес, Жанама ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жанама ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан, сарып ауруының шығуына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жанама ауылдық округінің мал дәрігері Д. Құттыбековке жүктелсін.
      3. Шешім жергілікті басылымда ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жанама ауылдық
      округінің әкімі:                           С. Байбазаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады