РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" N 339 Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі "Теректі ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан құтырма ауруының туындағанына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" ұсынысына сәйкес, Теректі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Теректі ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан, сарып ауруының шығуына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Теректі ауылдық округінің бас маманы А. Жакебаевқа жүктелсін.
3. Шешім жергілікті басылымда ресми жарияланғаннан кейін, он күнтізбелік күн өткен соң, қолданысқа енгізіледі.
Теректі ауылдық
округінің әкімі: Б. Алтаев