РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" N 339-II Заңының 10-1-бабының 7-тармақшасына Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 2 шілдедегі "Үшбұлақ ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан сарып ауруының туындағанына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" ұсынысына сәйкес, Үшбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Үшбұлақ ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан, сарып ауруының шығуына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды округтің лицензиялық мал дәрігері Бақытбек Әскербекұлы Баукебаевқа жүктелсін.
3. Шешім жергілікті басылымда ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үшбұлақ ауылдық
округінің әкімі: Ж. Ахметжанов