"Балқаш ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 ақпандағы N 28-144 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Балқаш ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 25 наурызда N 2-6-68 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 қарашадағы N 55-257 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 18.11.2011 N 55-257 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1)-тармағының 12-2) тармақшаларына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ноғайбай Марат Нұраұлы

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ақылбеков Қанат Ақылбекұлы

Балқаш аудандық мәслихатының
2010 жылғы 24 ақпандағы
N 28-144 шешіміне
қосымша

"Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағын беру
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6- бабының 1) тармағының 12-2) тармақшаларына сәйкес әзірленді.
      2. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағын беру марапатталатындардың ауданның экономикалық, әлеуметтік және рухани дамудағы айрықша еңбектері үшін, қоғамда алатын орнын танытатын мәні зор ынталандырудың бірі болып танылады. Азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға, олардың ауданның экономикалық және әлеуметтік дамытудағы күш-жігерін көтермелеуге, өскелең ұрпақты Отан сүйгіштік пен халқының жанашыры болуға шақырады.
      3. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағы мәдениет, білім, денсаулық, құрылыс салаларындағы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамудағы міндеттерді шешуге айрықша үлес қосқан және ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысқан айрықша еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі үшін, өндіріс саласында, бизнес, шығармашылық, спорт, мемлекеттік қызметтегі, қоршаған ортаны қорғаудағы жоғарғы жетістіктерін, қайырымдылық пен мейірмандық қызметтер жасауда қосқан үлестерін ескеріп беріледі. Ол адам Балқаш ауданы мен өңірінің аумағында өмір сүріп, еңбек етуге тиісті.
      4. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағы аудан халқына, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жасаған қамқорлығы, сіңірген еңбегі үшін немесе жекелеген адамдардың өмірде қол жеткізген жетістіктеріне (шығармашылықта, ғылымда, кәсіпкерлікте) орай құрмет білдіру мақсатында басқа аудандар мен қалаларда тұратын азаматтарға берілуі мүмкін.

2. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс
тәртібі

      1. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" Қазақстан Республикасының даталы күндері, Ұлттық, мемлекеттік мерекелеріне орай беріледі.
      2. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағын беру еңбек ұжымдары саяси партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктер ұсынған, сондай-ақ, жергілікті қоғамдық жиналыстардың шешімдері негізінде аудан әкімінің ұсынысымен аудандық мәслихат сессиясында қаралып, шешім қабылданады.
      Ауданның Құрметті азаматы атағы берілуіне аудан әкімі бастамашы бола алады. Қолдаухатқа жиналыс, мәслихат хаттамаларының, кандидаттың айрықша сіңірген еңбегін растайтын құжаттарының көшірмелері, өмірбаяндық мәліметтері тігіледі. Атақ беру туралы өз кандидатурасын ұсынған жеке тұлғалардан түскен қолдаухаттар қарастырылмайды.
      3. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" куәлігі мен төсбелгісін жасауды аудан әкімі аппараты жүзеге асырады.
      4. "Балқаш ауданының құрметті азаматы" куәлігі мен төсбелгіні аудан әкімі мен мәслихат хатшысы салтанатты жағдайда тапсырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады