1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 04 мамырдағы N 54 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Балқаш ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 09 маусымда N 2-6-73 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 137 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 17.05.2024 № 137 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, Балқаш аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық – тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар төмендегідей белгіленсін:

      1) Тұрғын үй - коммуналдық қызметтер бойынша (жылу, газ, электр қуаты, су) қосымша жеңілдіктер 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің (бұдан әрі – қатысушылар мен мүгедектерге) барлығына берілсін.

      2) Тұрғын үй коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер жылумен, суық сумен, газбен, электр қуатымен жабдықтау, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге белгіленген нормалар шегінде (есеп бойынша: электр қуаты - 50 киловатт (1 киловатт құны - 11 теңге 38 тиын), айына 1 газ балонның құны - 1400 теңге, суық су көше бойына тартылған қарашасына дейін – 224 теңге 26 тиын, суық су көше бойына тартылған – 134 теңге 75 тиын, жеке меншік үйлерде 1 тонна көмірдің құны - 8000 теңге мөлшерінде жылына 1 рет) төленсін.

      3) Қатысушылар мен мүгедектердің тізімін құрастыруды және бекітуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырсын.

      4) Тұрғын үй – коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер алу үшін қатысушы немесе мүгедек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қосымша жеңілдіктер бойынша жеке куәлігінің көшірмесі, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан немесе мүгедектігі туралы куәлігі, тұрғылықты жерінен анықтама тапсырылсын.

      5) Қатысушылар мен мүгедектерге тұрғын үй – коммуналдық қызметіне арналған қосымша жеңілдіктеріне өтініш берген айдың бірінші жүлдызынан бастап тағайындалсын.

      6) Қатысушылар мен мүгедектерге тағайындалған соманы екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

      2. Осы қаулының орындалуы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Сқабаев Бақытқа, аудандық қаржы бөлімінің бастығы Халықов Кәдірге жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айдарбеков Есенгелді Айдарбекұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Балқаш аудан әкімі

Е. Қошанбеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады